Әлемдік додаға 80-ге жуық елден 550 спортшы қатысады деп жоспарланған. Олар ерлер мен әйелдер арасында он салмақ дәрежесінен, жалпы 20 салмақта чемпиондық атақты сарапқа салады.
Бақыт Сәрсекбаев баптайтын ерлер құрамында биылғы Азия чемпиондары Бибарыс Әшірбай мен Владислав Саможонов бар. Сондай-ақ наурыз айында Будвада өткен «Адриатика жауһары» халықаралық турнирінде жеңіске жеткен Әділ Асқанбай мен Данияр Ақбисенов те әлем чемпионатында бақ сынайды.
Ерлер құрамасы:
- 50 келі — Әділ Асқанбай
- 55 келі — Айдос Үсенов
- 60 келі — Данияр Ақбисенов
- 65 келі — Ақжүрек Қалабай
- 70 келі — Бибарыс Әшірбай
- 75 келі — Әмір Рамазан
- 80 келі — Тимур Тайбеков
- 85 келі — Руслан Ахметов
- 90 келі — Еркетаң Жарқынбек
- +90 келі — Владислав Саможонов
Әйелдер құрамында Камила Оспановаға ерекше назар аударуға болады. 70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін боксшы 2025 жылы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында чемпион атанып, биыл Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.
Айдана Убайдуллақызы да халықаралық жарыстарда жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Ол наурыз айында Таиландта өткен Futures Cup турнирінде топ жарды. Ал аса ауыр салмақтағы Азия чемпионы Зарина Толыбай әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайды.
Бұдан бөлек, Будвада өткен «Адриатика жауһары» халықаралық турнирінде Мадира Жұмақан, Алина Құдайгенова және Алтынгүл Аймұхан жеңімпаз атанған.
Әйелдер құрамасы:
- 48 келі — Жадыра Қалтай
- 51 келі — Мадира Жұмақан
- 54 келі — Жанель Имантаева
- 57 келі — Алина Құдайгенова
- 60 келі — Индира Қыдырмолдаева
- 65 келі — Айсұлу Мұхит
- 70 келі — Камила Оспанова
- 75 келі — Алтынгүл Аймұхан
- 80 келі — Айдана Убайдуллақызы
- +80 келі — Зарина Толыбай
Айта кетейік, World Boxing ұйымы U19 санатындағы әлем чемпионатын алғаш рет 2024 жылы АҚШ-тың Пуэбло қаласында өткізген. Сол жарыста Қазақстан құрамасы екі күміс медаль жеңіп алған.
Фото: ҚБФ.














