16 жастағы спортшы 31 қазан мен 13 қараша аралығында Сенегал астанасы Дакарда өтетін жасөспірімдер Олимпиадасында ел намысын қорғайды.
52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Сұпығалиева өз жас санатындағы әлемдік рейтингте бірінші орында тұр.
Фатима Сұпығалиева 22 тамызда Эквадордың Гуаякиль қаласында өткен кадеттер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Осылайша ол Қазақстан тарихында дзюдодан әлем чемпионы атанған алғашқы қыз спортшы болды.
Бұл жетістік жас дзюдошының халықаралық аренадағы маңызды нәтижелерінің бірі саналады. Енді ол Дакарда өтетін жасөспірімдер Олимпиадасында да жоғары нәтиже көрсетуге талпынады.
Фатима Сұпығалиеваның басты жетістіктері:
- 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жеңімпазы;
- 2026 жылғы кадеттер арасындағы әлем чемпионы;
- 2026 жылғы командалық әлем чемпионатының жеңімпазы;
- Қазақстан Республикасының спорт шебері;
- халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Айта кетейік, жасөспірімдер Олимпиадасы 31 қазан мен 13 қараша аралығында Сенегал астанасы Дакарда өтеді. Қазақстандық спортшылар жарыстың бірнеше спорт түрінде ел намысын қорғайды.
Фото: Арлан Олжабай.














