Отандасымыздың қарсыласы — жергілікті боксшы Сакда Лангкабам (13-9, 8 КО). Жекпе-жекті Fair Square Boxing Promotions промоутерлік компаниясы мен WBC Asia ұйымы ресми түрде жариялады.
«Джентльмен» лақап атымен танымал Баймолда үшін бұл бір жылдан астам үзілістен кейінгі алғашқы жекпе-жек болмақ. 2025 жылдың қыркүйегінде Уфада өткен кездесуде ол ресейлік Данис Габдрафиковтен (6-0, 2 КО) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіліп, кәсіпқой мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшыраған еді. Енді қазақстандық боксшы бірден титулдық айқасқа оралып отыр.
Ал оның қарсыласы бабында. Лангкабам 25 қазанда Бангкокта отандасы Варитпон Срихабандитті (1-6, 1 КО) мерзімінен бұрын жеңген. Таиландтық спортшы кәсіпқой рингте 22 жекпе-жек өткізсе, Баймолданың еншісінде 11 айқас бар (нокаут саны бойынша көрсеткіш теңдес — 8-ге қарсы 6).
Айта кетейік, Бангкок шаршы алаңы Теміржанға жат емес — бұған дейін ол Таиланд астанасында жергілікті боксшы Афиф Арронгты төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген болатын.
Фото: instagram.com/fairsquare.boxing.promotions.














