• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Суббота, 26 сентября, 2026
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET  - спортқа ұтыс тігулер
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Олимпиада

Қазақстанда спорт делегациялары қатаң іріктелетін болды

Бұл өзгеріс Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасынан кейін енгізілді

27/08/2026
in Олимпиада
0 0
0
Тағыберген «Каспийге» қарсы матчқа қатыспайды
Facebook бөлісуTelegram бөлісу
Қазақстанда Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада және өзге де ірі халықаралық жарыстарға баратын ресми спорт делегацияларын жасақтаудың бірыңғай тәртібі алғаш рет бекітілді. Енді спортшылармен бірге қанша жаттықтырушы, дәрігер, массажист, федерация немесе министрлік өкілі баратыны нақты норматив арқылы есептеледі.

Жаңа тәртіп Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 8 шілдедегі бұйрығымен бекітілді. Бұған Жоғары аудиторлық палатаның Токио Олимпиадасына дайындық пен қатысуға бөлінген бюджет қаражатына жүргізген аудиті негіз болған.

Тексеру кезінде бұған дейін делегация құрамын жасақтаудың ортақ өлшемі болмағаны анықталды. Яғни бір спортшыға қанша жаттықтырушы, медицина маманы, штаб мүшесі немесе ресми тұлға тиесілі екені нақты белгіленбеген. Соның салдарынан іссапар шығындарының қаншалықты негізді екенін бағалау қиын болған.

Енді бұл мәселе нақты формуламен реттеледі: өкілдер саны спортшылар санына бөлініп, 100 пайызға көбейтіледі.

Жаңа норматив ең алдымен ресми тұлғалардың санын шектейді. Мәселен, жазғы Олимпиадада Туризм және спорт министрлігі өкілдерінің үлесі спортшылар санының 3 пайызынан, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті өкілдерінің үлесі 2 пайызынан аспауы тиіс.

Қысқы Олимпиадада бұл көрсеткіш тиісінше 10 және 8 пайызға дейін жоғарылайды. Министрлік мұны қысқы құрамдағы спортшылар санының жазғы Олимпиадаға қарағанда аз болуымен түсіндіреді.

Ал ең үлкен үлес спортшылармен тікелей жұмыс істейтін мамандарға берілген. Жазғы Олимпиадада жаттықтырушылар құрамының үлесі 86 пайызға дейін, ал қысқы Олимпиада мен Паралимпиадада 100 пайызға дейін жетуі мүмкін.

Бұл санатқа бас және аға жаттықтырушылар, жеке бапкерлер, сервис-жаттықтырушылар мен кеңесшілер кіреді. Мамандарды таңдауда спорт түрінің маңызы мен спортшының жүлдеге таласу мүмкіндігі де ескеріледі.

Спорттық медицинаға да жеке норма белгіленді. Дәрігерлер, массажистер және басқа медицина қызметкерлерінің үлесі жазғы Олимпиадада спортшылар санының 28 пайызына дейін, ал өзге жарыстарда 23 пайызға дейін болуы мүмкін.

Паралимпиада және басқа кешенді жарыстарда бірінші топтағы мүгедектігі бар спортшыларға ілесіп жүретін адамдардың үлесі 38 пайызға дейін белгіленген.

Ұлттық олимпиада, паралимпиада және сурдлимпиада комитеттерінің өкілдеріне де шек қойылды. Олар жазғы ойындарда спортшылар санының 13 пайызына дейін, қысқы ойындарда 40 пайызына дейін адам қоса алады.

Олимпиадалық даярлау орталықтары, федерациялар мен өзге жауапты ұйымдардың үлесі жазғы Олимпиадада 12 пайыздан, қысқы ойындарда 20 пайыздан аспайды. Ал бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің квотасы тиісінше 6 және 12 пайыз көлемінде белгіленген.

Осылайша, Қазақстанда ірі халықаралық жарыстарға баратын делегация құрамын бұрынғыдай әр жолы жеке шешіммен кеңейтуге мүмкіндік шектеледі. Әрбір қосымша маман мен ресми тұлғаның сапарға баруы нақты нормативпен негізделуі тиіс.

Жаңа жүйенің мақсаты – спортшыларға шын мәнінде қажет мамандарға басымдық беру, бюджет шығындарын алдын ала жоспарлау және негізсіз іссапар шығындарының тәуекелін азайту.

 

Фото: ҰОК.

Tags: Қазақстан құрамасыҚР Туризм және спорт министрлігіқысқы ОлимпиадаОлимпиадаСурдлимпиадаҰОК
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Тағыберген «Каспийге» қарсы матчқа қатыспайды

Дастан Сәтпаев «Бернлидің» үздік үш ойыншысының қатарына енді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

«Ордабасы» иесі 25 млн теңгеден көмек береді

«Ордабасы» иесі 25 млн теңгеден көмек береді

25/09/2026
Сәтпаевтың командаласы «Бернлидегі» дағдарыс туралы айтты

Қазақстан құрамасы Фарер аралдарына келді

25/09/2026
Сәтпаевтың командаласы «Бернлидегі» дағдарыс туралы айтты

Сәтпаевтың командаласы «Бернлидегі» дағдарыс туралы айтты

25/09/2026
Қаза тапқан сарбаздар арасында Қазақстан чемпионатының жүлдегері болған

Оразбек Асылқұлов та жеңіліп қалды

25/09/2026

Ең көп оқылған

«Ордабасы» иесі 25 млн теңгеден көмек береді

«Ордабасы» иесі 25 млн теңгеден көмек береді

25/09/2026
Сәтпаевтың командаласы «Бернлидегі» дағдарыс туралы айтты

Қазақстан құрамасы Фарер аралдарына келді

25/09/2026
Сәтпаевтың командаласы «Бернлидегі» дағдарыс туралы айтты

Сәтпаевтың командаласы «Бернлидегі» дағдарыс туралы айтты

25/09/2026
Қаза тапқан сарбаздар арасында Қазақстан чемпионатының жүлдегері болған

Оразбек Асылқұлов та жеңіліп қалды

25/09/2026

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

«Ордабасы» иесі 25 млн теңгеден көмек береді

«Ордабасы» иесі 25 млн теңгеден көмек береді

25/09/2026
Сәтпаевтың командаласы «Бернлидегі» дағдарыс туралы айтты

Қазақстан құрамасы Фарер аралдарына келді

25/09/2026

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In