Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері қызметіне отандық маман Владимир Чебурин үміткерлер қатарына енді.
AmanVibe мәліметінше, 61 жастағы бапкерді Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың тізгінін ұстауы мүмкін мамандардың бірі ретінде қарастырып отыр, деп жазады penalty.kz.
Владимир Чебурин Қазақстан футболындағы ең тәжірибелі әрі титулды отандық бапкерлердің бірі саналады. Қазіргі уақытта ол Қазақстан жастар құрамасымен жұмыс істейді. Сонымен қатар 2026 жылдың басында клубтық футболға қайта оралып, «Атырауды» басқарған.
ҚФФ үшін шетелдік бапкер әлі де басым бағыт
Дегенмен, Қазақстан футбол федерациясының негізгі мақсаты – ұлттық құрамаға шетелдік маман шақыру. Егер ҚФФ шетелдік кандидаттармен келісімге келе алмаса, федерация отандық бапкерлермен келіссөз жүргізуге көшуі мүмкін.
Осы жағдайда Владимир Чебурин ұлттық құраманы қабылдауы ықтимал негізгі нұсқалардың бірі ретінде қарастырылып отыр.
Ван ‘т Схиппен келісімшарт ұзартылмайды
Қазақстан құрамасының бұған дейінгі бас бапкері нидерландтық Джон ван’т Схип болған. Ол 2026 жылдың тамызында Талғат Байсуфиновтың орнына ұлттық құраманың тізгінін ұстады.
Ван’т Схиптің жетекшілігімен Қазақстан Ұлттар лигасында алты кездесу өткізіп, үш рет тең ойнады және үш матчта жеңілді.
Ұлттық құрама бірде-бір жеңіске жете алмай, С3 тобында соңғы орын алды.
Еске салсақ, 17 қарашада Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Скотт Манн ван ‘т Схиппен келісімшарт ұзартылмайтынын мәлімдеді. Тараптар қолданыстағы келісім аяқталғаннан кейін ынтымақтастықты тоқтату туралы шешім қабылдады.
Фото: kff.kz.














