• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Суббота, 26 сентября, 2026
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET  - спортқа ұтыс тігулер
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Футбол

Дастан Сәтпаев «Бернлидің» үздік үш ойыншысының қатарына енді

Сәтпаев алғаш рет негізгі құрамда шығып, 80 минут ойнады

27/08/2026
in Футбол
0 0
0
Тағыберген «Каспийге» қарсы матчқа қатыспайды
Facebook бөлісуTelegram бөлісу
Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев «Бернли» сапында алғаш рет негізгі құрамда алаңға шығып, командадағы үздік ойыншылардың бірі атанды. 18 жастағы футболшы Англия лигасы кубогының 1/32 финалында «Брэдфорд Ситиге» қарсы кездесуде 80 минут ойнады.

Матч Брэдфордтағы «Вэлли Пэрейд» стадионында өтіп, негізгі уақытта командалар есеп аша алмады — 0:0. Регламентке сәйкес жеңімпаз бірден пенальти сериясында анықталды. Онда «Брэдфорд Сити» 4:2 есебімен басым түсіп, «Бернлиді» жарыстан шығарды.

Сәтпаев үшін бұл кездесу ерекше болды. Ол «Бернли» сапында алғаш рет ресми матчты негізгі құрамда бастады және алаңда 80 минут өткізді. Қазақстандық шабуылшы ауыстырылғандықтан, пенальти сериясына қатысқан жоқ.

Кездесуден кейін Сәтпаевтың ойыны жоғары бағаланды. Қазақстандық футболшы 7,1 ұпай алып, «Бернлидің» матчтағы үздік үш ойыншысының қатарына енді.

Сәтпаев 80 минут ішінде қарсылас қақпасына екі рет соққы бағыттап, бір нәтижелі шабуылға бастайтын пас берді. Сондай-ақ ол 35 пастың 30-ын дәл жеткізіп, 86 пайыздық дәлдік көрсетті.

Қазақстандықтың доппен әрекеті де белсенді болды: ол допқа 56 рет тиіп, екі дриблинг әрекетінің біреуін сәтті орындады. Бұдан бөлек, 18 рет алға жылжып, допты ілгері алып шығуға атсалысты.

Қорғаныста да Сәтпаев нәтижелі қимылдады. Ол төрт рет доп тартып алуға әрекет жасап, төртеуінде де жеңіске жетті. Позициялық жекпе-жектердің алтауына қатысып, бесеуінде қарсыласынан басым түсті. Матч барысында 13 рет доптан айырылды.

Осылайша, «Бернли» Англия лигасы кубогынан шығып қалғанымен, Сәтпаевтың клуб сапындағы алғашқы негізгі құрамдағы ойыны жеке көрсеткіштері жағынан сәтті өтті.

Ал Англия футболының үшінші дивизионында өнер көрсететін «Брэдфорд Сити» турнирдің 1/16 финалына жолдама алды.

Фото: «Бернли» ФК.

Tags: «Бернли» ФКДастан СәтпаевлегионерлерФутболЧемпионшип
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Тағыберген «Каспийге» қарсы матчқа қатыспайды

Чемпиондар лигасында ойнайтын 36 клуб анықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

«Ордабасы» иесі 25 млн теңгеден көмек береді

«Ордабасы» иесі 25 млн теңгеден көмек береді

25/09/2026
Сәтпаевтың командаласы «Бернлидегі» дағдарыс туралы айтты

Қазақстан құрамасы Фарер аралдарына келді

25/09/2026
Сәтпаевтың командаласы «Бернлидегі» дағдарыс туралы айтты

Сәтпаевтың командаласы «Бернлидегі» дағдарыс туралы айтты

25/09/2026
Қаза тапқан сарбаздар арасында Қазақстан чемпионатының жүлдегері болған

Оразбек Асылқұлов та жеңіліп қалды

25/09/2026

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

«Ордабасы» иесі 25 млн теңгеден көмек береді

«Ордабасы» иесі 25 млн теңгеден көмек береді

25/09/2026
Сәтпаевтың командаласы «Бернлидегі» дағдарыс туралы айтты

Қазақстан құрамасы Фарер аралдарына келді

25/09/2026

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In