Шымкенттік «Ордабасы» 28 жастағы украиналық вингер Алексей Гуцулякпен екі жылдық келісімшарт жасасты, дейді penalty.kz.
Гуцуляк қандай клубтарда ойнаған?
Клубтың баспасөз қызметі Украина құрамасының жартылай қорғаушысымен келісімге келгенін мәлімдеді.
Алексей Гуцуляк – «Карпаты» футбол мектебінің түлегі. Кәсіби мансабында Украинаның «Карпаты», «Десна», «Днепр-1» және «Полесье» командаларында өнер көрсеткен. Сонымен бірег 2016 жылы испаниялық «Вильярреал» сапында болған.
Оның Қазақстан Премьер-лигасына ауысқанға дейінгі соңғы командасы – Житомирдің «Полесье» клубы. Футболшы бұл ұжымда 2024 жылдың жазынан бері ойнаған.
Украина чемпионатында 52 гол соққан
«Ордабасы» жариялаған дерекке сәйкес, Гуцуляк Украина Премьер-лигасында 226 матч өткізіп, 52 гол соққан және 32 нәтижелі пас берген.
Жалпы кәсіби деңгейдегі көрсеткіші:
— 280 матч;
— 56 гол;
— 36 нәтижелі пас.
Ұлттық құрамадағы нәтижесі
Гуцуляк Украина құрамасында 2024 жылы дебют жасаған. Содан бері ұлттық команда жейдесімен 16 кездесуге қатысып, алты гол соққан.
Жаңа ойыншының негізгі позициясы – шабуылдың оң қапталы. Бойы – 187 сантиметр, туған күні – 1997 жыл 25 желтоқсан.
Transfermarkt порталы футболшының нарықтық құнын үш миллион еуроға бағалап отыр. Бұл – ойыншының бағалау құны, ал «Ордабасыға» ауысу сомасы берілген хабарламада көрсетілмеген.
Фото: instagram.com/alexeygutsuliak.














