Клубтың мәліметінше, маман қызметінен өз еркімен кету туралы шешім қабылдаған. Бұған дейін оның ҚПЛ аясында «Оқжетпестен» өз алаңында 2:3 есебімен жеңілгеннен кейін отставкаға өтініш бергені айтылған.
Андрей Ферапонтов «Қайсарды» 2025 жылдың қарашасында қабылдады. Ол клуб жекеменшікке өткеннен кейін команданы жаттықтырған алғашқы маман атанды.
Қызылордалық ұжым ҚПЛ-2026 маусымындағы 23 кездесуде 20 ұпай жинап, турнир кестесінде 14-орында тұр. Соған қарамастан, Ферапонтовтың жетекшілігімен «Қайсар» Қазақстан кубогының финалына шықты. Шешуші матчта команда шымкенттік «Ордабасымен» кездеседі.
Фото: instagram.com/fckaysar_official.














