Қос команда арасындағы кездесу 22 шілде күні Никосиядағы GSP Arena стадионында өтеді. Ойын Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады.
«Қайрат» бұл кезеңге бірінші іріктеу сатысында Черногорияның «Сутьескасын» екі ойынның қорытындысы бойынша 4:1 (2:1, 2:0) есебімен сенімді түрде жеңіп шыққаннан кейін жолдама алды.
Екінші матч 29 шілде күні Алматыда өтеді. Екі ойынның жеңімпазы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алады.
Айта кетейік, ел чемпионатында 19 турдан кейін 42 ұпай жинаған «Қайрат» турнирлік кестеде екінші орында келеді және Еурокубоктағы сәтті сериясын жалғастыруды көздеп отыр.
Фото: ФК “Қайрат”.














