Астаналық «Барыс» алдағы ҚХЛ маусымында негізгі команданы дайындайтын бапкерлер штабын жариялады. Команданы бас бапкер Михаил Кравец бастап шығады, дейді penalty.kz.
Бапкерлер штабында тағы кім бар?
«Барыстың» шабуылшыларымен Александр Александрович Савченков жұмыс істейді. Қорғаушыларды Евгений Степанович Королев дайындайды.
Қақпашылар бапкері қызметін Константин Александрович Барулин атқарады.
Жалпы дене дайындығына Денис Михайлович Михайличенко мен Игорь Юрьевич Елисеев жауап береді.
Команданың видео-сараптамалық жұмысына екі маман бекітілді. Олар — Сергей Викторович Тамбулов және Владислав Вячеславович Белан.
Видео-бапкерлер қарсыластардың ойынын талдау, матчтарға дайындық және команданың өз әрекеттерін саралау бағытында жұмыс істейді.
ҚХЛ қарсаңындағы жиын
Жаңа маусым басталғанға дейін «Барыс» екі оқу-жаттығу жиынын өткізуді жоспарлап отыр.
Алғашқы жиыннан кейін команда екі турнирге қатысады. 17-20 тамыз аралығында «Барыс» Башқұртстан Республикасы кубогында ойнайды. Кейін 27-30 тамыз күндері Николай Пучков турнирінде бақ сынайды.
ҚХЛ маусымын өз алаңындағы сериямен бастайды
Екінші оқу-жаттығу жиынынан кейін астаналық клуб ҚХЛ чемпионатындағы жаңа маусымын бастайды.
Михаил Кравец командасы тұрақты чемпионаттың алғашқы ойындарын өз алаңында өткізеді. 7 қыркүйекте «Барыс» Новосібірдің «Сибирь» клубымен кездеседі.
9 қыркүйекте астаналықтар Уфаның «Салават Юлаев» командасын қабылдайды. Ал 12 қыркүйекте «Барыс» Хабаровскінің «Амур» клубына қарсы ойнайды.
Фото: hcbarys.kz.














