Отандасымыз маусымның 27-сі күні Әзербайжан астанасында октагонға шығады, деп еске салады penalty.kz.
27 маусым күні Бекзат Алмахан UFC Fight Night турнирі аясында Әзербайжанның Баку қаласында бразилиялық Жан Мацумотомен кездеседі. Бұл жекпе-жек – қазақстандық файтердің қазіргі келісімшарты бойынша соңғы айқасы.
«Бұл жекпе-жектен кейін UFC басшылығы Алмаханмен келісімшартты ұзарту немесе тоқтату туралы шешім қабылдайды», – дейді сарапшы.
Крамердің пікірінше, егер Алмахан жеңілсе, оның UFC-дегі көрсеткіші 1:3 болады. Мұндай статистика промоушен үшін маңызды факторлардың бірі.
Десе де, қарсылас Жан Мацумото өте тәжірибелі:
- UFC-дегі рекорды – 3:2
- Алмаханнан екі жас кіші
- Грэпплингке бейім әмбебап файтер
Алмаханның артықшылығы
Сарапшы қазақстандық спортшының басты күші – соққы жасау техникасы екенін атап өтті.
«Алмахан – жылдам әрі ауыр соққылары бар файтер. Егер ол бірінші нөмірмен жұмыс істеп, өз қарқынын көрсетсе, жеңіске жету мүмкіндігі жоғары», – деді Крамер.
Оның айтуынша, басты міндет – қарсыластың күрес жүргізуіне жол бермеу.
Крамер Алмаханның әлсіз жағын да атап өтті. Бұған дейінгі жекпе-жектерде ол қысымға төтеп бере алмай, концентрациясын жоғалтып алған сәттер болған.
«Егер жоспардан ауытқып, соққылар өткізіп алса, бұл жеңіліске әкелуі мүмкін», – дейді сарапшы.
Ал Мацумото үшін негізгі тактика – күрес пен партерге көшіру.
Фото: pin-upsport.kz.














