Бір апта бұрын Кипрде өткен алғашқы ойында «Омония» 1:0 есебімен жеңген еді. Қарымта матч та дәл осындай есеппен «Қайраттың» пайдасына шешіліп, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды.
Айта кету керек, ойынның 26-минутында кипрлік клубтың шабуылшысы Андроникос Какулис дөрекі ойнап, төреші оған «қызыл қағаз» көрсетті. Бір футболшысы артық болған «Қайрат» қарсылас қақпасына лап қойып, ақыры 37-минутта есепті ашты. Гол авторы – Эдмилсон. Мұнан кейін Уразбахтин шәкірттері қанша шабуылдаса да, таблодағы нәтижені өзгерте алған жоқ.
Экстра-таймда да командалар гол соға алмады. Ал, пенальти сериясында «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков «Омонияның» шешуші соққысын қайтарып, командасына жеңіс алып келді.
Үшінші айналымда алматылық клуб «Левски» (Болгария) — «Университатя Крайова» (Румыния) жұбының қай жеңгенімен кездеседі.
Фото: «Қайрат» ФК.














