Турнир матчтары елімізде Qazaqstan және Qazsport телеарналары арқылы көрсетіледі.
Кездесулерді мына платформалардан көруге болады:
- qazaqstan.tv
- qazsporttv.kz
- Qazaqstan.tv мобильді қосымшасы
- birge.tv платформасы
Осылайша Қазақстандағы футбол жанкүйерлері мундиаль матчтарын теледидардан да, интернет арқылы да тамашалай алады.
ӘЧ-2026 алғаш рет үш елде өтеді
2026 жылғы әлем чемпионаты тарихта алғаш рет бірден үш елде ұйымдастырылады. Турнирді АҚШ, Канада және Мексика қабылдайды.
Мундиаль ойындары аталған үш елдің 16 қаласында өтеді. Сонымен қатар бұл әлем чемпионаты тағы бір тарихи өзгеріспен ерекшеленеді: жарысқа алғаш рет 48 ұлттық құрама қатысады.
Жалпы турнир аясында 104 матч өткізіледі.
Фото: matchtv.ru.














