Алматылық «Қайраттың» қорғаушысы Александр Широбоков Чемпиондар лигасы аясында Кипрдің «Омония» клубына қарсы өтетін қарымта матч алдындағы пікірін білдірді, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Иә, мен 2021 жылы «Омонияға» қарсы матчтың өтінімінде болған едім. Ол кезде де олар өте өршіл еді, қазір де жақсы ойын көрсетіп жүр. Түзде оңай болған жоқ. Ертең жеңіске жетіп, жанкүйерлерімізді қуанту үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз», – деді Широбоков.
УЕФА Чемпиондар лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы екінші іріктеу кезеңінің Никосиядағы алғашқы матчы алматылықтардың 0:1 есебіндегі жеңілісімен аяқталған болатын. Қарымта ойын 29 шілде күні Алматыда өтеді.
«Қайрат» пен «Омонияның» жолы халықаралық аренада бұған дейін де түйіскен еді – УЕФА Конференциялар лигасының 2021/22 жылғы маусымындағы топтық кезеңінде. Ол кезде екі клуб арасындағы қос кездесу де (Қазақстанда да, Никосиядағы түзде де) есеп ашылмай, 0:0 есебімен тең аяқталған.
Фотода: Александр Широбоков.













