• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Понедельник, 11 мая, 2026
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET  - спортқа ұтыс тігулер
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Футбол

Жеңілмеген үштік — “Ордабасы”, “Елімай” және “Қайрат”

Олар қалай сүрінбей келеді?

28/04/2026
in Футбол
0 0
0
Жеңілмеген үштік — “Ордабасы”, “Елімай” және “Қайрат”
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Қазақстан Премьер лигасының 2026 жылғы маусымы алғашқы жеті турдың қорытындысы бойынша нағыз фавориттердің бет-бейнесін айқындағандай. Турнир кестесінде әлі де жеңіліс дәмін татпаған небәрі үш ұжым — «Ордабасы», «Елімай» және «Қайрат» көш бастап тұр. Бұл клубтардың ортақ қасиеті тек жинаған ұпайларында емес, кез келген қиын жағдайда мінез көрсетіп, нәтиже шығара алуында болып отыр, деп жазады aladop.kz.

Мәселен, бірі соңғы минуттардағы голдардың арқасында маңызды ұпайларды жұлып алса, екіншісі сырт алаңдағы қысымға қарамастан тұрақты ойын өрнегін сақтауда, ал үшіншісі басты фаворит мәртебесін лайықты қорғап келеді. Осы жеті турдың көрсеткіштеріне сүйенсек, аталған үштік дәл қазіргі сәтте ел чемпионатының ең мығым әрі тактикалық тұрғыдан сауатты ұжымдары екенін толық дәлелдеді.

“Ордабасы»

Шымкенттік ұжымның жеті тур бойы жеңіліссіз келе жатқан сериясы кездейсоқтық емес, бұл — жүйелі дайындық пен мызғымас мінездің көрінісі. Маусымның шымылдығын «Ертіспен» болған тартысты 2:2 есебіндегі тең ойынмен ашқан «Ордабасы” сол сәтте-ақ өзінің қайсарлығын танытты. Роман Федин, Эвертон Мораес, Павел Седько және Елхан Астанов сынды ойыншылар гол соққан сол кездесудегі нәтиже команданың биылғы табиғатын айқындап бергендей болды. Өз алаңында ұпай бөлісу алғашқыда мін болып көрінгенімен, бұл матч клубтың соңғы секундқа дейін аянып қалмайтынын және матч тағдырын соңына дейін өзгертуге қауқарлы екенін дәлелдеді. Дәл осы күрескерлік рух «Ордабасыны» биылғы ҚПЛ-дің басты күштерінің біріне айналдырып отыр.

Екінші турда “Жеңісті” сырт алаңда 2:0 есебімен жеңді. Бұл ойында Елхан Астанов пен Жасұлан Әмір мергендік танытты. Үшінші турда “Қайсарды” 2:0 тізе бүктірді — гол авторлары Димитар Митков пен Никола Антич. Төртінші турда “Атыраумен” 1:1 ойнағанда да, Шымкенттіктер жеңілістен соңғы сәтте аман қалды, есепті алдымен Игорь Дорофеев ашса, “Ордабасы” сапынан тағы да Елхан Астанов құтқарушы рөлін атқарды.

Бесінші турда “Астанамен” болған сырт алаңдағы 1:1 есеп те осы мінездің жалғасы еді, «Ордабасы” сапынан Жасұлан Әмір гол соқты, ал қарсы жақта Ян Вороговский есепті теңестірді. Алтыншы турда “Оқжетпесті” 2:1 есебімен тізе бүктіргенде, матчтың драмасы тіпті күшейді, алдымен Сергей Малый есеп ашты, кейін Гильерме Ассунсау есепті теңестіргенмен, Аян Тоқтыбай шешуші сәтте жеңіс голын соқты. Жетінші турда “Қызылжарды” сырт алаңда 2:1 есебімен жеңуі де маңызды матч болды. Бұл ойында алаң иелерінен Этьен Бугре есеп ашты, кейін Демият Сламбеков мен Елхан Астанов “Ордабасының” пайдасына таразыны аударды.

“Ордабасының” басты ерекшелігі қиын кездерде де гол соға білуі. Бұл ұжымда жүйе де бар, мінез де бар. Клуб осы бетінен таймау керек.

“Елімай»

Семейлік клубтың бұл маусымдағы ең үлкен күші — тұрақтылығы. “Елімай” бірінші турда “Оқжетпеспен” 1:1 ойнады. Екінші турда “Алтаймен” тағы да 1:1 тіркелді, Семейліктер сапынан Рамазан Оразов, қарсы жақтан Попов мерген атанды. Яғни “Елімай” маусым басында керемет қарқын алмаса да, ұпай жоғалтпай жүрді.

Ал үшінші турда команда барлығын таңғалдырды, сырт алаңда “Ақтөбені” 4:1 есебімен талқандады. “Ақтөбе” сапынан Артур Шушеначев, ал “Елімай” үшін Фессу Плакка, Роман Мұртазаев, Айбар Жақсылықов және тағы да Роман Мұртазаев гол соқты. Төртінші турда “Тобылды” 1:0, бесінші турда “Жетісуды” 1:0 есебімен ұтқан кездерде де Роман Мұртазаев мергендігімен көзге түсті.

Алтыншы турда “Астанамен” 2:2 ойнаған матчта “Елімайдың” шабуыл шебінің қуаты анық көрінді. Жетінші турда “Қайратпен” 2:2 есебіне қол жеткізуі Семейліктер үшін маусымдағы ең жақсы нәтижелерінің бірі екені сөзсіз Бұл ойында “Елімай” сапынан Фессу Плакка мен Арсен Әшірбек, ал Алматылықтардан Ойва Юккола мен Эдмилсон мерген атанды.

«Елімайдың” биылғы феноменінің сыры қарапайым: команда артық жарнама мен асыра сілтеуден (хайптан) гөрі, нақты нәтиже мен тиімділікке басымдық береді.

“Қайрат»

Чемпиондар бірінші турда “Алтайды” 1:0 есебімен ұтып, жалғыз голды Жоржиньо соқты. Екінші турда “Ақтөбені” 1:0 есебімен жеңіп, бұл жолы Дастан Сәтпаев көзге түсті. Үшінші турда “Жетісумен” 0:0 ойнап, алғаш рет ұпай бөлісті. Бірақ төртінші турда-ақ “Қайрат” маусымның ең маңызды матчтарының бірін өткізді. “Астананы” 4:0 есебімен қиратып өтті. Гол авторлары — Жоржиньо, Дастан Сәтпаев және Александр Мартынович.

Бесінші турда “Тобылмен” 1:1 ойнағанда есепті алдымен Никола Милованович ашып, кейін Дастан Сәтпаев жауап қатты. Алтыншы турда “Каспийді” 2:0 есебімен ұтып, Эдмилсон мен Жоржиньо гол соқты. Жетінші турда “Елімаймен” 2:2 ойнаса да, тағы да жеңілмеді.

«Қайраттың» басты басымдығы — ойын стилінің әмбебаптығында. Команда бір қалыпқа байланбай, кез келген қарсыласқа қарсы тиімді тактика таңдай алатынын дәлелдеп келеді.

«Ордабасы” соңғы минуттарда мінез көрсетіп, ойын тағдырын өзгерте алатын қауіпті ұжымға айналды. «Елімай» болса, артық шу шығармай-ақ, турнир кестесінде айтарлықтай ұпай қорын жинап, салмақты бәсекелеске айналып үлгерді. Ал «Қайрат» маусымның алғашқы турында-ақ басты фавориттердің бірі екенін іспен дәлелдеп, өз беделін нығайтып келеді. Осы орайда жеті турдан кейінгі басты сұрақ туындайды: осы үштіктің қайсысы алғашқы болып сүрінеді, әлде бұл жеңіліссіз серия тағы бірнеше турға жалғаса ма? Барлығын уақыт көрсетпек.

Tags: «Елімай» ФК«Қайрат» ФКқазақ футболыҚазақстан Премьер-лигасыҚПЛОрдабасы ФКФутбол
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Турлов басшы болғалы шахматшылар жалақысыз қалды

Турлов басшы болғалы шахматшылар жалақысыз қалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Талдықорғанда жүзуден 2026 жылғы Қазақстанның жазғы чемпионаты өтіп жатыр

Талдықорғанда жүзуден 2026 жылғы Қазақстанның жазғы чемпионаты өтіп жатыр

06/05/2026
Сурдлимпиадада жүлде алған спортшыларға 5,5 млрд теңге төленді

Қамшыбек Қоңқабаевтың жекпе-жегі өтпейтін болды

06/05/2026
Сурдлимпиадада жүлде алған спортшыларға 5,5 млрд теңге төленді

Norway Chess Women 2026: Бибісара Асаубаева 6 ойыншының қатарына енді

06/05/2026
Сурдлимпиадада жүлде алған спортшыларға 5,5 млрд теңге төленді

Елдос Сметов ұзақ үзілістен кейін татамиге қайта оралады

06/05/2026

Ең көп оқылған

Талдықорғанда жүзуден 2026 жылғы Қазақстанның жазғы чемпионаты өтіп жатыр

Талдықорғанда жүзуден 2026 жылғы Қазақстанның жазғы чемпионаты өтіп жатыр

06/05/2026
Сурдлимпиадада жүлде алған спортшыларға 5,5 млрд теңге төленді

Қамшыбек Қоңқабаевтың жекпе-жегі өтпейтін болды

06/05/2026
Сурдлимпиадада жүлде алған спортшыларға 5,5 млрд теңге төленді

Norway Chess Women 2026: Бибісара Асаубаева 6 ойыншының қатарына енді

06/05/2026
Сурдлимпиадада жүлде алған спортшыларға 5,5 млрд теңге төленді

Елдос Сметов ұзақ үзілістен кейін татамиге қайта оралады

06/05/2026

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

Талдықорғанда жүзуден 2026 жылғы Қазақстанның жазғы чемпионаты өтіп жатыр

Талдықорғанда жүзуден 2026 жылғы Қазақстанның жазғы чемпионаты өтіп жатыр

06/05/2026
Сурдлимпиадада жүлде алған спортшыларға 5,5 млрд теңге төленді

Қамшыбек Қоңқабаевтың жекпе-жегі өтпейтін болды

06/05/2026

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In