• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Пятница, 19 июня, 2026
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET  - спортқа ұтыс тігулер
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Енді не істейміз?

Жемқорлық: Жарысқа бармаған спортшыларға да қаржы бөлінген

Ақмолалық спортшылардың іссапарынан бюджетке 1,1 млн теңге қайтарылды

19/06/2026
in Енді не істейміз?
0 0
0
Рыбакина Берлинде әлемнің 35-ракеткасынан жеңілді
Facebook бөлісуTelegram бөлісу
Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде бюджет қаражатын негізсіз жұмсау фактілері анықталды, деп жазады 1bol.kz.

Бұл туралы Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бас маманы – мемлекеттік аудитор Жұлдыз Тастанова мәлімдеді.

Аудиторлардың мәліметінше, спортшыларды жарыстарға жіберу кезінде ресми құжаттардағы көрсеткіштер мен нақты қатысушылар саны арасында айтарлықтай айырмашылық болған. Тексеру барысында іссапарға жіберу туралы бұйрықтар жарыстардың қорытынды хаттамаларымен салыстырылған.

Нәтижесінде бірқатар жағдайда құжат бойынша толық құрамдағы командалар жіберілген болып көрсетілгенімен, іс жүзінде жарыстарға қатысқан спортшылар саны екі есеге жуық аз болғаны анықталды.

Мәселен, Алматы қаласында өткен жарысқа сегіз спортшы жіберілді деп рәсімделгенімен, нақтысында тек төрт адам қатысқан. Осындай сәйкессіздіктер бірнеше іссапар барысында тіркелген.

Соған қарамастан, аванстық есептер бойынша іссапар шығындары бастапқыда көрсетілген, яғни артық жазылған қатысушылар саны негізінде толық көлемде есептен шығарылған.

Аудит қорытындысы бойынша үш іссапарға қатысты жалпы сомасы 1 миллион 112 мың 600 теңге көлемінде қаржылық заңбұзушылық анықталды. Бұл қаражат мемлекеттік бюджетке қайтарылуға тиіс болған.

Аталған фактілер бойынша облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына заңбұзушылықтарды жою және келтірілген шығынды өтеу туралы нұсқама мен аудиторлық қорытынды жолданды.

Аудиторлардың мәліметінше, анықталған 1,1 миллион теңгеден астам қаражат бүгінде толық көлемде бюджет кірісіне қайтарылған.

Фото: әлеуметтік желіден.

Tags: жемқорлық
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
“Тобыл” мен “Хартс” Чесноков бойынша келіссөздерді аяқтауға жақын

“Тобыл” мен “Хартс” Чесноков бойынша келіссөздерді аяқтауға жақын

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

«Ақтөбенің» 17 жастағы шабуылшысы «Кристал Пэластың» көзіне түсті

«Ақтөбенің» 17 жастағы шабуылшысы «Кристал Пэластың» көзіне түсті

19/06/2026
“Тобыл” мен “Хартс” Чесноков бойынша келіссөздерді аяқтауға жақын

Байсуфиновтың Ұлттық құрамадағы айлық жалақысы белгілі болды

19/06/2026
“Тобыл” мен “Хартс” Чесноков бойынша келіссөздерді аяқтауға жақын

“Тобыл” мен “Хартс” Чесноков бойынша келіссөздерді аяқтауға жақын

19/06/2026
Рыбакина Берлинде әлемнің 35-ракеткасынан жеңілді

Жемқорлық: Жарысқа бармаған спортшыларға да қаржы бөлінген

19/06/2026

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

«Ақтөбенің» 17 жастағы шабуылшысы «Кристал Пэластың» көзіне түсті

«Ақтөбенің» 17 жастағы шабуылшысы «Кристал Пэластың» көзіне түсті

19/06/2026
“Тобыл” мен “Хартс” Чесноков бойынша келіссөздерді аяқтауға жақын

Байсуфиновтың Ұлттық құрамадағы айлық жалақысы белгілі болды

19/06/2026

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In