«ACBJJ лигасымен төрт белдесуге келісімшартқа қол қойдым. 20 желтоқсанда Дубайда алғашқы белдесуімді өткіземін. Қарсыласым да өте қызық. Күтіңіздер»
Еске салайық, бұған дейін Жалғас Жұмағұлов еуропалық Oktagon MMA промоушенімен қоштасып, жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін босатқан еді. Қазақстандық файтер бұған дейін UFC-де өнер көрсетіп, 2020–2023 жылдар аралығында алты жекпе-жек өткізді.
Айта кетейік, ACBJJ (Absolute Championship of Brazilian Jiu-Jitsu) – бразилиялық джиу-джитсу мен грэпплингтен халықаралық турнирлер ұйымдастыратын лига. Бұл промоушенде Арман Царукян, Белал Мұхаммад және Мовсар Евлоев секілді танымал ММА жауынгерлері де өнер көрсеткен.
Фото: Әлеуметтік желіден.














