• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Суббота, 26 сентября, 2026
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET  - спортқа ұтыс тігулер
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Тұлға мен тарих

Ван ’т Схип деген – реформатор

Джонның экс-ассистенті Қазақстан құрамасының жаңа бапкері жайлы айтты

11/08/2026
in Тұлға мен тарих, Футбол
0 0
0
Ван ’т Схип деген – реформатор
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Джон ван ’т Схип – қазақстандық жанкүйерлер үшін күрделі әрі бейтаныс есім. Бапкер ретінде жеңіп алған жүлделері де оның сөзін сөйлей алмайды, бірақ ұзақ жылдар бойы ван’т Схиптің ассистенті болған Майкл Валканис ең маңызды сұрақтарға жауап берді.

 

Аустралиялық «Брисбен Роар» клубының 51 жастағы бапкері ASnews.kz сайтына берген сұхбатында:

  • Ван ’т Схипке грек таланттарының бағын ашуға қалай көмектескенін айтты;
  • нидерландылық маманның реформаларын еске алды;
  • ҚФФ бас хатшысы Скотт Манн туралы пікірімен бөлісті.

Қысқаша: Ван ’т Схип қандай бапкер?

– Маған Ван ’т Схиппен әртүрлі командаларда және түрлі жағдайларда жұмыс істеу бақыты бұйырды: «Мельбурн Сити», «Зволле», «Аякс» және Грекия құрамасында бірге болдық. Сондықтан мен оны тек бапкер ретінде ғана емес, көшбасшы ретінде де көрдім. Уақыт өте келе тіпті өте жақын досыма айналды.

Меніңше, Джонның басты артықшылықтарының бірі – анықтық. Командасының қалай ойнауы керектігі туралы нақты түсінігі бар: бұл допқа иелік етуге негізделген шабуылдаушы футбол. Ол футболшылардың матч барысын өздері айқындап, мінез көрсеткенін қалайды.

Ван ’т Схип әсіресе адамдармен өте жақсы қарым-қатынас орнатады. Ол ойыншыларды таза футбол философиясымен де, жеке адами қасиеттерімен де біріктіре алады. Мен бұл адамды өте жоғары бағалаймын.

2004 жылғы Еуропа чемпиондарымен неге үлкен шыңдарды бағындыра алмады?

– Грекиядағы бірлескен жұмыс кезінде біз Джон екеуміз ұлттық құраманың бүгінгі жеткен деңгейіне маңызды іргетас қаладық. Біз жүзеге асыруға тырысқан басты өзгерістердің бірі – мәдениетті өзгерту болды.

Ол кезде футболшыларды ең алдымен тәжірибесіне немесе клубының мәртебесіне қарап таңдау керек деген берік ұстаным бар еді. Біз бұл тәсілге қарсы шықтық: ойыншылардың әлеуеті, бабы және ең бастысы – біз енгізгіміз келген ойын стиліне сәйкестігі ескерілуін талап еттік.

Бұдан бөлек, бапкерлік штаб Грекия тек төменгі блокта тұрып, қорғаныстан ойнап қана табысқа жете алады деген түсінікті өзгерткісі келді. Біз креативті дүниені дамыттық: доппен батыл болуды, жоғары прессингті және еркіндікті құптадық.

«Арсенал» мен «Бенфика» жұлдыздары оларға не үшін алғыс айтады?

– Джонның батыл шешімдер қабылдағаны есімде және олардың бәрі бірдей жалпы қолдауға ие болған жоқ. Біз құрамаға Павлидис, Хацидиакос, Цолис сияқты жігіттерді шақырдық, бірақ, ол кезде олардың халықаралық деңгейге қаншалықты дайын екені белгісіз еді.

Ойыншыға және команданың ұзақ мерзімді дамуына сенсең, кейде осындай қадамдарға дайын болуың керек. Уақыт көрсеткендей, ол шешімдердің көбі дұрыс болып шықты. Жас жігіттерге мүмкіндік берілді, олар ары қарай дамып, Грекия үшін маңызды тұлғаларға айналды.

Қазір бұл буынның есейгенін көру өте жағымды әсер сыйлайды. Оларда әрдайым талантты футболшылар болған, бірақ тәжірибе, сенім мен жауапкершіліктің арқасында бұл футболшылар тоқтап қалған жоқ. Олардың көбі бүгінде құрамада маңызды рөл атқаратынын мақтан тұтамын.

Факт: 24 жастағы Христос Цолис Грекия құрамасындағы дебютін Ван ’т Схип баптаған кезде жасаған болатын (Аустрияға қарсы 1:2). Осы жазда «Арсенал» «Брюггеден» бұл сұрмергенді 40 млн еуроға сатып алды.

Ван ’т Схип – реформатор ма?

– Сол кезең бір маңызды нәрсені дәлелдеуге көмектесті деп есептеймін: гректер белсенді, шабуылдаушы әрі заманауи футбол ойнауға қабілетті. Олардың тек ұйымдасқан қорғанысқа арқа сүйеуі міндетті емес, қазір бұл философияны жергілікті мамандардың көбі қабылдап жатыр.

Ойыншылардың өздері де біз сіңіруге тырысқан идеяларды жақсы қабылдады. Біз олардан басқаша ойлауды талап еттік, бұл процесс тез жүрмегенімен, біртіндеп бәрі іске асты.

Жанжалдан алшақ

– Тағы бір құнды нәрсе – осы күнге дейін сақталған құрмет. Футболшылардың Ван ’т Схип дәуірін қалай еске алатынын естігенде немесе арада жылдар өтіп, олармен кездескенде өз тәжірибелері туралы айтқанын тыңдағанда, сол кезеңнің олар үшін шынымен де маңызды болғанын түсінесің.

Табыстың көрсеткіші де осы. Ойыншыларға біз құрған атмосфера ұнады, олар біз тұрғызғымыз келген дүниеге сенді және өздерін үлкен істің бір бөлігі ретінде сезінді.

Факт: Кейіннен Валканис түркиялық «Адана Демирспор» клубын басқарып, онда «Ақтөбе» шабуылшысы Абат Айымбетовпен бірге жұмыс істеді.

«Аякс» мектебінен өткен маман Қазақстанда табысқа жете ме?

– Сөзсіз, оның қолынан келетініне сенемін. Әрине, халықаралық футбол клубтық футболдан қатты ерекшеленеді. Клубта күн сайын ойыншылармен жұмыс істейсің, ал құрамада – үзіліс кезінде бар болғаны бірнеше күн ғана. Бұл жаңа мәдениетті, менталитет пен стильді қалыптастыруды қиындатады, сондықтан сабырлық таныту маңызды.

Джонға бұл үрдіске сенетін адамдар қажет болады және мен бұған дейін айтқанымдай, ол адамдарды біріктіре біледі. Егер қазақстандықтар оның көзқарасын қабылдап, федерация қажетті жағдайлар мен қолдауды қамтамасыз етсе, ол оң ықпал ете алады деп сенемін.

Әрбір ұлттық құрамаға қолжетімді ресурстар әртүрлі болады, бірақ сапалы бапкерлік жұмыс – бұл тек барынша кең ойыншылар таңдауының болуы емес. Қолыңда бар футболшыларды түсіну, олардың күшті жақтарын анықтау және олар ең үздік футболын көрсете алатын ортаны құру маңызды.

Скотт Манн жайлы

– Скотт Маннмен ол бас директор болған «Мельбурн Ситиде» жолымыз түйісті. Ол – білікті басшы және футболға шынымен берілген адам. Содан бері Скотт үлкен тәжірибе жинақтады, соның ішінде «Тоттенхэмде» де қызмет етті. Бұл Қазақстан үшін өте пайдалы болады.

Манн дамудың тек алаңда болатын дүниелерден тұрмайтынын түсінеді. Дұрыс құрылымдарды, жүйелер мен үрдістерді құру, сондай-ақ департамент айналасына лайықты адамдарды жинау керек. Бапкерлер мен ойыншылар табысқа жете алатын ортаны қалыптастыру қажет.

 

Фотода: Майкл Валканис (сол жағында), Джон ван ’т Схип (ортада) және Скотт Манн (оң жағында).

Tags: Джон ван ’т СхипҚазақстан ұлттық құрамасыҚазақстан футбол федерациясыФутбол
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Ван ’т Схип деген – реформатор

Болгарияда «Қайратты» мазақтап жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

«Ордабасы» иесі 25 млн теңгеден көмек береді

«Ордабасы» иесі 25 млн теңгеден көмек береді

25/09/2026
Сәтпаевтың командаласы «Бернлидегі» дағдарыс туралы айтты

Қазақстан құрамасы Фарер аралдарына келді

25/09/2026
Сәтпаевтың командаласы «Бернлидегі» дағдарыс туралы айтты

Сәтпаевтың командаласы «Бернлидегі» дағдарыс туралы айтты

25/09/2026
Қаза тапқан сарбаздар арасында Қазақстан чемпионатының жүлдегері болған

Оразбек Асылқұлов та жеңіліп қалды

25/09/2026

Ең көп оқылған

«Ордабасы» иесі 25 млн теңгеден көмек береді

«Ордабасы» иесі 25 млн теңгеден көмек береді

25/09/2026
Сәтпаевтың командаласы «Бернлидегі» дағдарыс туралы айтты

Қазақстан құрамасы Фарер аралдарына келді

25/09/2026
Сәтпаевтың командаласы «Бернлидегі» дағдарыс туралы айтты

Сәтпаевтың командаласы «Бернлидегі» дағдарыс туралы айтты

25/09/2026
Қаза тапқан сарбаздар арасында Қазақстан чемпионатының жүлдегері болған

Оразбек Асылқұлов та жеңіліп қалды

25/09/2026

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

«Ордабасы» иесі 25 млн теңгеден көмек береді

«Ордабасы» иесі 25 млн теңгеден көмек береді

25/09/2026
Сәтпаевтың командаласы «Бернлидегі» дағдарыс туралы айтты

Қазақстан құрамасы Фарер аралдарына келді

25/09/2026

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In