Жас спортшының өлім себебі әзірге ресми түрде айтылған жоқ. Белгілі болғаны, Календер қайтыс болардан аз уақыт бұрын ауруханаға түскен. Алайда оның денсаулық жағдайы мен қайтыс болуына қатысты өзге мәліметтер жарияланбады.
Календер негізінен қорғаушы позициясында ойнады. Ол қорғаныстың орталығында да, қапталында да өнер көрсете алған.
Футболшы кәсіби мансабында «Истанбул Башакшехир», «Адана Демирспор», «Байрампаша» және «Диярбакырспор» клубтарының намысын қорғады. Оның соңғы командасы «Бандырмаспор» болды. Календер бұл клубта 2024–2025 жылдардағы маусымда Түркия чемпионатының екінші дивизионында ойнады.
Қорғаушы кәсіби деңгейде барлығы 131 матч өткізіп, төрт гол соққан.
Фото: Getty Images.














