5-8 мамыр аралығында Талдықорған қаласында жүзуден 2026 жылғы Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты өтіп жатыр.
Чемпионатқа еліміздің 17 өңірінен келген құрама командалар қатысуда. Жалпы қатысушылар саны – 372 спортшы, оның ішінде 229 ер адам және 143 әйел.
Аталған жарыс World Aquatics халықаралық күнтізбесіне енгізілген. Чемпионат рейтингтік әрі 2026 жылдың желтоқсан айында Қытайда өтетін қысқа судағы (25 м) жүзуден әлем чемпионатына іріктеу жарысы болып табылады. Сондай-ақ, биыл күзде Сенегалда өтетін Жасөспірімдер Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңі саналады.
Осыған байланысты чемпионат шетелдік қатысушылардың да қызығушылығын тудырып отыр. Жарысқа Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан құрамалары да қатысуда.
Жарыстың алғашқы күні қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының екі жаңа рекорды орнатылды. Глеб Коваленя (Ақтөбе облысы) 50 м еркін стильде 22.06 нәтижесімен ел рекордын жаңартты. Ксения Игнатова (Қарағанды облысы) 200 м кешенді жүзуде 2:17.40 нәтижесімен Қазақстан рекордын орнатты.
Жарыстың бірінші күні қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
Әйелдер, 200 м еркін стиль
1 ДЮ, Даниела – 2:05.78 – АЛА
2 Федотова, Мария – 2:08.60 – ЖТО
3 Миленина, Ева – 2:09.72 – АЛА
Ерлер, 200 м еркін стиль
1 Черепанов, Данил – 1:51.68 – ШМК
2 Клименко, Максим – 1:52.29 – АЛА
3 Балабек, Ғалымжан – 1:52.84 – ТКО
Әйелдер, 100 м шалқалай жүзу
Игнатова, Ксения – 1:01.51 – ҚГО
Марасанова, Дарья – 1:04.80 – ТКО
Гладких, Виктория – 1:05.55 – АЛА
Ерлер, 100 м шалқалай жүзу
Разиев, Мансур – 58.66 – АЛА
Любимов, Кирилл – 58.85 – АСТ
Алпысбай, Абдурахман – 59.25 – АҚО
Әйелдер, 100 м баттерфляй
Сподаренко, Софья – 1:01.77 – ТКО
Туребаева, Айжан – 1:03.24 – АСТ
ДЮ, Даниела – 1:03.63 – АЛА
Ерлер, 100 м баттерфляй
Мусин, Әділбек – 52.81 – АСТ
Шевченко, Артем – 53.58 – ШМК
Хисамиев, Раид – 55.31 – АҚО
Әйелдер, 200 м кешенді жүзу
Игнатова, Ксения – 2:17.40 – ҚГО
Ермакова, Анастасия – 2:25.67 – АЛА
Токтобаева, Дария – 2:27.64 – ТКО
Ерлер, 200 м кешенді жүзу
Чужинов, Даниил – 2:07.91 – АЛА
Айткалиев, Мансур – 2:10.09 – ШҚО
Нурумбаев, Арсен – 2:11.87 – АСТ
Әйелдер, 50 м брасс
Пупко, Анна – 33.27 – АЛА
Устьянцева, Тамара – 33.46 – ШҚО
Блеко, Алиса – 33.87 – АБО
Ерлер, 50 м брасс
Мырзамұратов, Айбат – 27.80 – АҚО
Корольков, Константин – 28.54 – АҚО
Руденко, Анатолий – 28.68 – ШҚО
Әйелдер, 4×100 м еркін стиль эстафетасы
АЛА 1 – 3:57.96
ТКО 1 – 4:01.00
ЖТО 1 – 4:01.27
Ерлер, 4×100 м еркін стиль эстафетасы
АҚО 1 – 3:26.65
ШМК 1 – 3:26.74
СКО 1 – 3:27.34
«Qazaq Aquatics» РҚБ федерациясы қолдау көрсеткені үшін бас серіктес – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға, сондай-ақ серіктестер – «SportQory» спортты қолдау қоры, «Қазцинк» ЖШС, ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті және «Кселл» АҚ-ға (Activ 5G) шынайы алғыс білдіреді.
Фото: aquatics.kz.













