Санаулы сəттер бұрын Қазақстан командасы (Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов) финалда Украина семсерлесу шеберлерімен күш сынасты. Бас жүлде үшін болған тартысты айқас 45-40 есебімен аяқталып, біздің төрттік Қазақстанға спорттың осы түрінен әлем чемпионатының алғашқы алтын жүлдесін сыйлады.
Бұл — Қазақстан ерлер командасы үшін жалпы әлем чемпионатының алғашқы финалы. Осыған дейінгі үздік көрсеткіш — былтырғы қола медаль. Қазақстан бір жыл бұрын Грузия астанасында өткен додада әлемдік деңгейдегі көшбасшы Францияны ұтып, тарихи қола жүлдеге қол жеткізген.
Қазақстан командасының бүгінгі жекпе-жектер нәтижесі:
Жартылай финал: Қазақстан — Мысыр 41-32
Ширек финал: Қазақстан — Дания 45:36
1/8 айналым: Қазақстан — Өзбекстан 28:27
1/16 айналым: Қазақстан — Финляндия 45:39
Қазір семсерлесуден ерлер Ұлттық құрамасы әлем рейтингінде 5-орында тұр.
Фото: t.me/DRSQazaqstan.














