• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Четверг, 4 июня, 2026
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET  - спортқа ұтыс тігулер
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Теннис

Рыбакина Соболенконы артта қалдырды

Елена Рыбакина 2026 жылдың ең көп табыс тапқан теннисшісі атанды

20/05/2026
in Теннис
0 0
0
Луиш Нани стадионда жарақат алған қызға футболкасын сыйлады
Facebook бөлісуTelegram бөлісу
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2026 жылғы маусымда ең көп жүлде қоры табыс тапқан теннисші атанды, деп жазады 1bol.kz.

Жыл басынан бері әлемнің екінші ракеткасы турнирлерден 4,21 миллион доллар көлемінде табыс тапқан. Қазақстандық спортшының ең ірі қаржылай сыйақысы Australian Open турниріндегі тарихи жеңісінен түсті. Мельбурнда чемпион атанған Рыбакина 2,77 миллион доллар иеленді.

Сонымен қатар, Елена Индиан-Уэллс турнирінің финалына дейін жетіп, тағы 565 мың доллар жүлде қорын еншілеген.

Осы көрсеткіштің арқасында қазақстандық теннисші әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы артта қалдырды. Беларусь өкілі биылғы маусымда 4,07 миллион доллар табыс тапқан.

2026 жылғы маусымда ең көп жүлде қоры иеленген теннисшілер тізімі:

  1. Елена Рыбакина — 4,21 миллион доллар
  2. Арина Соболенко — 4,07 миллион доллар
  3. Элина Свитолина — 2,82 миллион доллар
  4. Кори Гауфф — 2,66 миллион доллар
  5. Джессика Пегула — 2,6 миллион доллар

Айта кетейік, Рыбакина кәсіби мансабында жүлде қорынан жалпы 28,6 миллион доллардан астам табыс тапқан. Қазақстандық теннисшінің еншісінде «Үлкен дулыға» санатындағы екі чемпиондық бар — Уимблдон-2022 және Australian Open-2026.

Бұдан бөлек, ол 2025 жылғы WTA қорытынды турнирінде топ жарып, WTA деңгейіндегі 13 титулды жеңіп алған.

Жақында Рыбакина Римдегі турнирдегі өнерін аяқтады. Қазақстандық теннисші ширек финалда украиналық Элина Свитолинаға тартысты үш сетте есе жіберді — 6:2, 4:6, 4:6.

Енді Еленаның келесі басты жарысы – «Ролан Гаррос». Париждегі беделді турнирде қазақстандық спортшы екінші нөмірмен тіркеліп отыр. Негізгі кезең матчтары 24 мамыр мен 7 маусым аралығында өтеді.

Фото: WTA.

Tags: Арина СоболенкоЕлена РыбакинаТеннис
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Елдос Сметов пен Абиба Әбужақынова Қытайда ел намысын қорғайды

Елдос Сметов пен Абиба Әбужақынова Қытайда ел намысын қорғайды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақстандық екі самбошы допинг-тесттен өте алмады

Нидерланд — Алжир: алаң иелерінен сенімді ойын күтеміз

03/06/2026
Қазақстандық екі самбошы допинг-тесттен өте алмады

«Хан Тәңірі» клубында жанжал: бапкер төрешіге су шашып, тергеу басталды

03/06/2026
Қазақстандық екі самбошы допинг-тесттен өте алмады

Қазақстандық екі самбошы допинг-тесттен өте алмады

03/06/2026
ФИФА футболдағы ең даулы сәттердің бірін өзгертпек

WBO рейтингі: қазақстандық боксшылардың орны белгілі болды

03/06/2026

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

Қазақстандық екі самбошы допинг-тесттен өте алмады

Нидерланд — Алжир: алаң иелерінен сенімді ойын күтеміз

03/06/2026
Қазақстандық екі самбошы допинг-тесттен өте алмады

«Хан Тәңірі» клубында жанжал: бапкер төрешіге су шашып, тергеу басталды

03/06/2026

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In