Жеребенің басты жаңалықтарының бірі — Криштиану Роналду өнер көрсететін «Әл-Насрдың» Ташкентке сапары. Сауд Арабиясының клубы «Пахтакормен» сырт алаңда кездеседі, деп жазады 1bol.kz.
Осылайша, бес дүркін «Алтын доп» иегері Роналду Өзбекстан астанасында алғаш рет ресми клубтық матч өткізуі мүмкін.
«Пахтакор» өз алаңында «Аль-Насрдан» бөлек, Иранның «Эстегляль» және «Трактор», сондай-ақ Сауд Арабиясының «Әл-Кадисия» клубтарын қабылдайды. Ал сырт алаңда «Әл-Ахли», «Эйр Форс», «Әл-Хиляль» және «Әл-Иттихадпен» кездеседі.
Өзбекстанның тағы бір өкілі «Нефтчи» өз алаңында «Әл-Ахли», «Эйр Форс», «Әл-Хиляль» және «Әл-Иттихадпен» ойнайды. Ферғаналық клуб сырт алаңда «Эстегляль», «Әл-Наср», «Трактор» және «Әл-Кадисияға» қарсы шығады.
Матчтардың нақты күні мен басталу уақыты кейін жарияланады.
Фото: Getty Images.














