БТӘК істің материалдарын қарау кезінде ҚФФ өкімін орындамай, қызметтік тексеріске кедергі келтіріп, ынтымақтастықтан бас тартқаны үшін Тәртіптік регламенттің 61-бабы 1-тармағына сәйкес тиісті шаралар қабылданды:
«Хан Тәңірі» футбол клубына 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Ол 14 мамырға дейін төленуі тиіс;
Клуб ҚФФ жарыстар қауіпсіздігі және интегрити қызметіне сұратылған құжаттар мен жазбаша түсініктемелерді белгіленген мерзімде ұсынуға міндеттелді;
Бұл шешім орындалмаса, клубқа қосымша санкциялар, оның ішінде ұпайдан айыру, төменгі дивизионға түсіру, сондай-ақ жауапты тұлғаларға футбол қызметімен айналысуға тыйым салу шаралары қолданылуы мүмкін.
Фото: «Хан Тәңірі» ФК.














