Тимофей Скатов Испанияның Валенсия қаласында өтіп жатқан «Челленджер» санатындағы турнирдің іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, финалға шықты, деп хабарлайды penalty.kz.
Теннис турнирі Валенсияда 12-17 мамыр аралығында өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 272 720 еуро. Турнир жеңімпазы 43 635 еуроны иеленіп, 175 рейтингтік ұпай жеңіп алады. Былтыр Фолконбридж кубогын британдық теннисші Ян Чойнски жеңіп алған.
Тағы бір үздік нәтиже
Ал Франция астанасы Парижде өтіп жатқан WTA 125 турнирінде Юлия Путинцева жарысты сәтті бастады. Небәрі 1 сағат 7 минутқа созылған матчта қазақстандық теннисші америкалық Маккартни Кеслерді екі раундта да 6:1 есебімен жеңді. Осылайша Путинцева турнирдің келесі кезеңіне өтті.
Париждегі турнир 11-17 мамыр аралығында өтеді, жарыстың жүлде қоры- 115 мың долларды құрайды.
Фото: instagram/skatov_timofey.














