Қазақстан ерлер құрамасы батуттағы гимнастикадан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының іріктеу кезеңінде сынға түсті.
Роман Барков іріктеу кезеңінде 56.64 ұпай еншілеп, алтыншы орынмен финалға өтті. Ерлан Тасмағамбетов бұл кезеңде 54.93 ұпай жинап, жетінші орынмен ақтық сынға шықты.
Айта кетейік, финалдық сайыстың қорытындысы бойынша суперфиналға өтетін гимнастар анықталады.
Фото: ҰОК.














