Жеңіл салмақ дәрежесінің жоғарғы шегі 61,7 келі болса, Дастанның салмағы 62,2 келіні көрсетті. Осылайша ол белгіленген талапты орындай алмады.
Ал оның қарсыласы Франция өкілі Моктар Бенкаси 61,4 келі көрсетіп, салмақ нормасына толық сай келді.
Ережеге сәйкес, қазақстандық спортшыға салмағын қайта реттеу үшін екі сағат уақыт берілді.
Айта кетейік, бұл Дастан Амангелдінің Oktagon ұйымындағы екінші жекпе-жегі. Ол дебюттік кездесуінде бразилиялық Вандерлей Жуниорды төрешілер шешімімен жеңген болатын.
Фото: MMA.














