Футболдан Қазақстанның 19 жасқа дейінгі құрамасы Словакиядағы Youth Nations Cup халықаралық турнирінде Швейцарияға 2:1 есебімен есе жіберді, деп жазады penalty.kz.
Қазақстан құрамасының жалғыз голын Аламгир Смақов соқты. Ол бұған дейін Словакиямен 1:1 есебімен аяқталған кездесуде де мергендік танытқан.
Аға жаттықтырушы Тимур Қасымов Швейцарияға қарсы матчқа мына ойыншыларды шығарды: Алдашев, Артурұлы, Жексенбек, Мамедов, Қағазбаев, Мұсайыпов, Керімхан, Исмағұлов, Қалиқұлов, Смақов, Орынбасар.
Қазақстан U-19 құрамасы турнирдегі соңғы кездесуін 1 қазанда Польшаға қарсы өткізеді.
Фото: Instagram/@kff_jastar.














