Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Ақтөбе» клубының бұрынғы ойыншысы Роман Нестеренко өзінің жаттықтырушылық мансабындағы жаңа белестері туралы айтып берді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Тәжірибелі маман қазіргі таңда Беларусь чемпионатында бақ сынайтын «Минск” клубында еңбек етіп жатыр.
Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында Нестеренко жаңа орындағы жұмыс барысына көңілі толатынын жеткізді. Оның айтуынша, клубта қақпашылармен жұмыс істеу үшін барлық жағдай жасалған.
“Қазір «Минск» клубында жұмыс істеймін, мұндағы жағдайларға көңілім толады. Болашағынан үміт күттіретін жас қақпашыларды шыңдап жатырмыз. Сонымен қатар, Беларусь футболының ең атақты голкиперлерінің бірі — Александр Гутормен бірге еңбек етудемін.» — деді Нестеренко.














