Отандық спортшылардың бүгінгі нәтижелерінен кейін Қазақстан құрамасы төртінші сатыдан үшінші орынға көтерілді. Қазір ел спортшылары 6 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль жеңіп алып, жалпы 12 жүлдемен үздік үштіктен көрініп отыр.
Медальдық есепте Қытай құрамасы көш бастап келеді. Қытай спортшылары 31 алтын, 12 күміс және 7 қола медаль еншілеген. Екінші орында жарыс қожайыны Жапония тұр. Жапония құрамасының қоржынында 9 алтын, 15 күміс және 16 қола жүлде бар.
Қазақстаннан кейін төртінші орында Оңтүстік Корея орналасқан. Кореялық спортшылар 5 алтын, 4 күміс және 16 қола медаль жеңіп алған.
Азия ойындарындағы медальдық есеп:
- Қытай – 31 алтын, 12 күміс, 7 қола
- Жапония – 9 алтын, 15 күміс, 16 қола
- Қазақстан – 6 алтын, 1 күміс, 5 қола
- Оңтүстік Корея – 5 алтын, 4 күміс, 16 қола
- Таиланд – 4 алтын, 1 күміс, 1 қола
- Гонконг – 3 алтын, 4 күміс, 4 қола
- Тәжікстан – 2 алтын, 1 күміс, 1 қола
- Үндістан – 1 алтын, 4 күміс, 2 қола
- Өзбекстан – 1 алтын, 4 күміс, 1 қола
- Қытайлық Тайбэй – 1 алтын, 3 күміс, 5 қола
Қазақстан құрамасы 6 алтын медаль көрсеткіші бойынша Оңтүстік Кореядан алда тұр. Азия ойындарындағы жарыстар 27 қыркүйекке дейін жалғасады.
Фото: Туризм және спорт министрлігі.














