Волейболдан Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатында алаңдағы қарсыласпен ғана емес, ұйымдастырушылық мәселелермен де күресуге мәжбүр болды.
Федерация қонақүйге төлемді уақытында жасамағандықтан, біздің спортшыларды бөлмелеріне кіргізбей қойған. Турнир аяқталуға жақын қалғанда, ел намысын қорғап жүрген жастар қонақүйдің холлында отыруға мәжбүр.
Осындай жағдайда біз ұлттық құрамалардан қалай нәтиже талап етеміз? Жеңіс ең алдымен спортшыларға деген құрметтен, қалыпты жағдай жасаудан басталады. Егер федерация ойыншыларға қарапайым тұрмыстық жағдайды қамтамасыз ете алмаса, волейболды дамыту туралы әңгіме айтудың өзі орынсыз.
Бұл жағдайға жауапты тұлғалар мәселені шұғыл түрде шешуі тиіс. Жас спортшылар мұндай немқұрайлылықтың құрбаны болмауы керек.














