• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Четверг, 14 мая, 2026
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET  - спортқа ұтыс тігулер
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Енді не істейміз?

Қазақ футболындағы «мажор» футболшылар

Әңгіме депутаттардың ұлдары мен шенеуніктердің жиендері туралы

14/05/2026
in Енді не істейміз?, Футбол
0 0
0
“Ақтөбенің” бұрынғы бапкері ҚПЛ-ге оралмақ
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Жоғары лауазымды шенеуніктердің балалары ҚПЛ матчтарында жеңіс голдарын соғып жүрсе, енді бірі бірнеше жылдық үзілістен кейін футболға қайта оралуда.

ASnews.kz ықпалды таныстары және туыстары бар (немесе болған) қазақстандық клубтардың жас әрі қазіргі басшыларының тізімін ұсынады.

Айбек Тілеужан, 33 жаста

Бейресми мәліметтер бойынша, Түркістан облысы футбол ассоциациясының экс-президенті және аймақтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ведомствосының бұрынғы басшысы Хаким Көшқалиевке қатысы бар. «Тұранға» келгенге дейін «Түркістан Арена» директоры қызметін атқарды. Футбол клубының директорлық креслосына 28 жасында отырды.

«Тұраннан» кейін «Ордабасыда» басшылық лауазымдарда болды. 2026 жылдың сәуірінде «Атыраудың» бас директоры болып тағайындалды.

Әлішер Апсалямов, 36 жаста

Әкесі Ерболат Апсалямов Мәжіліс депутаты болған және қазақстандық Forbes тізіміне кіреді. Әлішердің өзі футбол әкімшілігіндегі мансабын ерте бастады: «Кардифф» пен босниялық «Сараевода», кейін «Қайратта» жұмыс істеп үлгерді. 32 жасында «Атырауды» бас менеджер мәртебесінде басқарды.

2025 жылдың ақпанында «Тобылға» спорттық директор лауазымына ауысты, сол жылдың қарашасында «Қызылжарда» бас менеджер лауазымына бекітілді. 2026 жылдың наурызында ресми түрде клубтың бас менеджеры болып тағайындалды.

Дидар Сыдықбек, 33 жаста

Бизнеске бейімділік әкесінен дарыған. 21 жасында ойыншы мансабын уақытша тоқтатып, компаниялардың бірінде басқарушылық лауазымға ие болды. Кейін жинаған капиталына өз футбол клубын құрды – бүгінде ол «SD Family» ретінде белгілі.

2025 жылдың наурызында «Атыраудың» бас менеджері болып тағайындалды. 2025 жылдың жазында қала кәсіпкерлеріне қаржылай қолдау көрсету туралы ашық үндеу тастады – ол кезде клуб ҚПЛ-да соңғы орында тұрған еді. 2025 жылдың желтоқсанында «Атыраудан» кетіп, «Таразды» басқарды.

Бақдаулет Қожабаев, 33 жаста

Бұл жағдайда футбол династиясы тікелей байқалады: Бақдаулеттің әкесі – Бағлан Ергешев, ҚФФ-ның бұрынғы вице-президенті және экс-ойыншы, әр жылдары Қазақстан кәсіпқой футбол лигасын басқарған және «Ордабасы», «Атырау», «Окжетпес», «Қайрат» және «Астана» клубтарында менеджерлік қызметтер атқарған. Бақдаулеттің өзі Қазақстан жастар құрамасында ойнап, «Ордабасы», «Ертіс» және «Қызылжар» сапында өнер көрсетті. «Оқжетпестің» спорттық директоры қызметін 28 жасында алды. Қазіргі уақытта – «Академия Оңтүстік» футбол клубының директоры.

Алдаир Әділов, 23 жаста – «Жеңіс»

Оң жақ қорғаушы, 2024 жылдың ақпанынан бастап «Жеңіс» сапында өнер көрсетеді, келісімшартын 2026 жылдың соңына дейін ұзартты. Бұған дейін «Қызылжар», «Астана-Жастар», беларуссиялық «Энергетик-БГУ» және испаниялық «Марсет» клубтарында ойнаған. Transfermarkt бағасы – 10 мың еуро.

Әкесі – Санжар Әділов, 2024 жылдың қарашасынан бастап ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары. Оған дейін Ішкі істер Министрлігі Тергеу департаментін басқарды.

Биылғы маусымда Алдаир Әділов «Жеңіс» сапында төрт матч өткізіп, бір гол соқты.

Марат Омаров, 37 жаста – ҚФФ президенті

Семей тумасы, 2024 жылы 34 дауыспен ҚФФ президенті болып сайланды. University of York және London School of Economics түлегі. Сонымен қатар Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігін басқарады.

Әкесі – Талғат Омаров, белгілі кәсіпкер әрі функционер. Ол әр жылдары «Елімай» ФК, «Цементник» МФК вице-президенті болған және облыстық федерацияда басшылық қызметтер атқарған.

БАҚ мәліметтері бойынша, Марат Омаров «Қайрат» ФК басшысы Қайрат Боранбаевтың туысы болып келеді.

Бейресми мәлімет бойынша, федерациядағы түйінді қызметтерге Омаровтың сенімді адамдары, атап айтқанда, Лондонда бірге оқыған стратегиялық офицер Арсен Ахат тағайындалған.

Бекжан Сафинов, 37 жаста – ҚФФ басқарушы директоры

2025 жылдың қаңтарында Қайсар Бекеновтің орнына ҚФФ басқарушы директоры болып тағайындалды. Оған дейін 2020 жылдан бастап Golf Club Astana басқарған. Экс-сенатор Қанатбек Сафиновтың ұлы – VI және VII шақырылымдағы (2019–2023) Сенат депутаты, Энергетика министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы, «ҚазМұнайГаздың» басқарушы директоры және «Самұрық-Қазына» басқарма мүшесі. Тағайындалғанға дейін футболда тәжірибесі болмаған. 2026 жылдың мамыр айындағы мәлімет бойынша, ҚФФ басқарушы директоры қызметін жалғастыруда.

Давид Лория, 44 жаста – ҚФФ вице-президенті

Қазақстан құрамасының экс-қақпашысы (46 матч), UEFA MIP бағдарламасының түлегі. 2025 жылдың сәуірінде ҚФФ бас хатшысы болып тағайындалды. 2026 жылдың наурызында қызметінен босатылды – оның отставкасы үшін атқарушы комитетегі 11 адамның алтауы дауыс берді. 2026 жылғы 20 наурызда ҚФФ вице-президенті болып тағайындалды – құрамалар департаменті мен бұқаралық футболды дамытуға жетекшілік етеді.

Әкесі – Григорий Лория, әртүрлі жылдары «Астананы», «Шахтерды», «Оқжетпесті» және Қызылжарды» басқарды. Қызылжарлық клубтың басшылық қызметінен кеткеннен кейін Австралияға қоныс аударды. Осы уақытта Петропавлда клубтағы бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сот процесі өтіп жатты.

Tags: Давид Лорияқазақ футболыҚазақстан Премьер-лигасыҚПЛ
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
“Ақтөбенің” бұрынғы бапкері ҚПЛ-ге оралмақ

Юлия Путинцева Париждегі турнирдің ширек финалына шықты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

“Ақтөбенің” бұрынғы бапкері ҚПЛ-ге оралмақ

Шотландиядағы “ғасыр матчы”

14/05/2026
“Ақтөбенің” бұрынғы бапкері ҚПЛ-ге оралмақ

Астанада боксшылар арасында Олимпиаданың 44 лицензиясы сарапқа салынбақ

14/05/2026
“Ақтөбенің” бұрынғы бапкері ҚПЛ-ге оралмақ

Юлия Путинцева Париждегі турнирдің ширек финалына шықты

14/05/2026
“Ақтөбенің” бұрынғы бапкері ҚПЛ-ге оралмақ

Қазақ футболындағы «мажор» футболшылар

14/05/2026

Ең көп оқылған

“Ақтөбенің” бұрынғы бапкері ҚПЛ-ге оралмақ

Шотландиядағы “ғасыр матчы”

14/05/2026
“Ақтөбенің” бұрынғы бапкері ҚПЛ-ге оралмақ

Астанада боксшылар арасында Олимпиаданың 44 лицензиясы сарапқа салынбақ

14/05/2026
“Ақтөбенің” бұрынғы бапкері ҚПЛ-ге оралмақ

Юлия Путинцева Париждегі турнирдің ширек финалына шықты

14/05/2026
“Ақтөбенің” бұрынғы бапкері ҚПЛ-ге оралмақ

Қазақ футболындағы «мажор» футболшылар

14/05/2026

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

“Ақтөбенің” бұрынғы бапкері ҚПЛ-ге оралмақ

Шотландиядағы “ғасыр матчы”

14/05/2026
“Ақтөбенің” бұрынғы бапкері ҚПЛ-ге оралмақ

Астанада боксшылар арасында Олимпиаданың 44 лицензиясы сарапқа салынбақ

14/05/2026

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In