Бірінші таймда жанкүйерлер соғылған гол көре алмады. Есесіне, екінші таймда қонақтар екі бірдей гол соғып, черногориялық клубқа еш мүмкіндік қалдырған жоқ. Алдымен Исмаил Бекболат 68-минутта есеп ашса, 80-минутта Жоржиньо ойынның нүктесін қойды. Қорытынды есеп – 2:0, «Қайраттың» пайдасында.
Айта кету керек, 79-минутта «Сутьеску» қорғаушысы Андрия Разнатович қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
Осылайша, «Қайрат» екі ойынның қорытындысы бойынша екінші айналымға жолдама алып отыр. Алматыда өткен матчта Уразбахтин шәкірттері 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Ендігі қарсыласы – кипрлік «Омония».
Фото: «Қайрат» ФК.














