«Пари Сен-Жермен» Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы алғашқы кездесуде өз алаңында «Баварияны» ұтты, деп жазады penalty.kz.
«Парк де Пренс» стадионында өткен матч жанкүйерлерге нағыз голдар шоуын сыйлады. Тартысты ойында алаң иелері қарсыласынан 5:4 есебімен басым түсті.
ПСЖ сапында Хвича Кварацхелия дубль авторы атанды. Ол 24 және 56-минуттарда мергендігімен көзге түсті. Сонымен қатар Жоау Невеш 33-минутта гол соқса, Усман Дембеле бірінші таймның қосымша уақытында пенальтиден және 58-минутта тағы бір гол енгізді.
Ал мюнхендіктер құрамынан Харри Кейн 17-минутта пенальтиден есеп ашты. Бұдан бөлек Майкл Олисе 41-минутта, Дайо Упамекано 65-минутта, ал Луис Диас 68-минутта гол соғып, немістерді ойын соңына дейін тартыста ұстады.
Қос команда арасындағы жауапты кездесу 6 мамырдан 7 мамырға қараған түні Мюнхенде өтеді.
Айта кетейік, ПСЖ — Чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпазы. Өткен маусымда Луис Энрикенің шәкірттері финалда «Интерді» 5:0 есебімен ойсырата жеңген.
Фото: championat.com.














