Матчтың 36 минутында норвегтер есеп ашқан. Дәл соққысымен көзге түскен – Кристоффер Айера. Алайда, қонақтардың қуанышы көпке созылған жоқ. Араға небәрі екі минут салып Жоау Канселу есепті теңестіріп кетті.
Екінші таймда Норвегияның жұлдызды шабуылшысы Эрлинг Холанд жарақат алып алаңнан кетуге мәжбүр болды. Ал, 79-минутта португалдықтар жеңіс голын соқты, бұл жолы Гонсалу Рамуш қанжығасын майлады.
86-минутта Португалия жартылай қорғаушысы Франсишку Консейсау қызыл қағаз алып, алаңнан қуылып кетті. Соған қарамастан алаң иелері жеңісті есепті ұстап қалды.
Айта кету керек, Португалия құрамасы қатарынан екінші матчта команда көшбасшысы Криштиану Роналдусыз ойнап жатыр. Даңқты футболшы бас бапкер Жорже Жезушке ренжіп, ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді.
A дивизионының 4-ші тобында өнер көрсетіп жатқан Португалия төрт ойынның бәрінде жеңіске жетіп, көш бастап келеді. Норвегия болса небәрі үш ұпаймен төртінші орында тұр.
Фото: Getty Images.














