• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Среда, 22 июля, 2026
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET  - спортқа ұтыс тігулер
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Ұлттық спорт

Петропавлда қазақ күресінен u23 Қазақстан чемпионатының шымылдығы түрілді

Жарыстың алғашқы күні бірнеше салмақ дәрежесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды

22/07/2026
in Ұлттық спорт
0 0
0
Петропавлда қазақ күресінен u23 Қазақстан чемпионатының шымылдығы түрілді
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Петропавл қаласындағы А. Винокуров атындағы спорт сарайында қазақ күресінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионаты салтанатты түрде ашылды.

Аққайыңдар өлкесінде өтіп жатқан ел біріншілігіне республиканың барлық өңірінен 350-ге жуық балуан қатысуда. Жас спортшылар үш күн бойы өз салмақ дәрежелерінде ел чемпионы атағы үшін белдеседі.

Салтанатты ашылу рәсімінде алғаш болып сөз алған Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов чемпионатқа қатысушылар мен қонақтарға өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің құттықтау лебізін жеткізіп, бозкілемге шығатын жас балуандарға сәттілік тіледі.

Жүсіп Рахатұлы өз сөзінде қазақ күресінің Солтүстік Қазақстан облысында да жүйелі дамып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, төл күрестің Аққайыңдар өлкесінде кең қанат жаюына өңірдегі бапкерлердің еңбегі, спорт жанашырларының қолдауы және жергілікті клубтардың жұмысы үлкен әсер етіп отыр.

– Бүгін Петропавл төрінде еліміздің барлық өңірінен келген жас балуандар бас қосып отыр. Бұл чемпионат жас спортшылар үшін үлкен мүмкіндік, ал өңірлер үшін өз мектебінің деңгейін көрсететін маңызды жарыс. Солтүстік Қазақстан облысында да қазақ күресіне деген қызығушылық артыпушылық артып келеді. 2018 жылы құрылған «Қызылжар Арландары» спорт клубы осы бағыттағы жұмыстың жарқын үлгісіне айналды. Клуб аз уақыт ішінде өңірдегі жас балуандардың басын қосып, төл күресіміздің кеңінен насихатталуына серпін берді. Бүгінде бұл ұжым Солтүстік өңірдегі қазақ күресінің тұрақты ортасына айналып, республикалық жарыстарда өзіндік орны бар спорттық клуб ретінде қалыптасып келеді, – дей келе Жүсіп Рахатұлы балуандарға сәттілік тіледі.

Шара барысында төл күрестің ел ішіндегі орны, жас балуандарды даярлау ісінің маңызы және өңірлердегі күрес мектептерін дамыту мәселесі ерекше аталды. Qazaq Kuresi Ассоциациясының бас директоры Мейіржан Берекетов пен Солтүстік Қазақстан облысы қазақ күресі федерациясының құрметті президенті, спорт саласының ардагері Бауыржан Құлжанов өз сөздерінде қазақ күресінің Қызылжар өңірінде соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқанын, республикалық жарыстардың деңгейі артып, жас спортшылар арасындағы бәсеке күшейгенін атап өтті.

Чемпионаттың ашылу рәсімі барысында Қызылжар өңірінде қазақ күресін дамытуға және ұлттық спортты насихаттауға үлес қосып жүрген сала өкілдері – Марлен Кускамбасовқа, Шоқан Әлжанға және Төлеген Жетпісбаевқа Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің Алғыс хаты табысталды.

Жарыстың алғашқы күні бірнеше салмақ дәрежесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

 

Бірінші жарыс күнінің жеңімпаз-жүлдегерлері:


Әйелдер

65 кг
І орын – Сабина Әлібек (Шымкент қ.)
ІІ орын – Әсемгүл Кулуш (Атырау облысы)
ІІІ орын – Фатима Серікбай (Атырау облысы)
ІІІ орын – Камила Тулюбаева (Павлодар облысы)

 

70 кг
І орын – Ұлдана Ходжаназарова (Маңғыстау облысы)
ІІ орын – Анастасия Морозова (Алматы қ.)
ІІІ орын – Дария Бейсембекова (Түркістан облысы)
ІІІ орын – Жансая Айтхожа (Ақмола облысы)

 

77 кг
І орын – Шұғыла Мақсатқызы (Алматы облысы)
ІІ орын – Айзере Байғалиева (Абай облысы)
ІІІ орын – Аружан Жандарбай (Атырау облысы)
ІІІ орын – Ақбота Қыдырәлі (Түркістан облысы)

 

+77 кг
І орын – Айсұлу Сәрсенова (Батыс Қазақстан облысы)
ІІ орын – Зейнеп Тұрсынбек (Алматы облысы)
ІІІ орын – Аңсаған Кашкеева (Астана қ.)

 

Ерлер

90 кг
І орын – Ақылжан Тұрсынбек (Шымкент қ.)
ІІ орын – Адай Мубарак (Қарағанды облысы)
ІІІ орын – Алихан Амантай (Алматы облысы)
ІІІ орын – Бекбол Мұқашев (Атырау облысы)

 

100 кг
І орын – Амирбек Рахимов (Ақтөбе облысы)
ІІ орын – Абдурахман Жолдасбек (Түркістан облысы)
ІІІ орын – Нұрлыбек Асенов (Түркістан облысы)
ІІІ орын – Мейіржан Сламшаиков (Астана қ.)

 

+100 кг
І орын – Әділет Мурзаш (Солтүстік Қазақстан облысы)
ІІ орын – Жасұлан Халхабаев (Астана қ.)
ІІІ орын – Мейірхан Бейсенәлі (Түркістан облысы)
ІІІ орын – Сардар Абдісамитұлы (Түркістан облысы)

 

Бірінші күннің қорытындысы бірнеше өңірде қазақ күресі мектебінің жүйелі дамып келе жатқанын көрсетті. Шымкент қаласы, Түркістан, Атырау, Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының балуандары жүлделі орындардан көрінді. Әсіресе, чемпионатты қабылдап отырған Солтүстік Қазақстан облысының өкілі Әділет Мурзаштың +100 келі салмақта топ жаруы жергілікті жанкүйерлер үшін айтулы қуаныш болды.

23 жасқа дейінгі Қазақстан чемпионатының маңызы бөлек. Бұл жас санаты ересектер құрамасына өтетін негізгі көпір. Сондықтан Петропавл бозкілеміндегі әр белдесу тек бүгінгі жүлде үшін ғана емес, алдағы республикалық және халықаралық жарыстардағы орын үшін де маңызды.

Алда қазақ күресін бірқатар ірі дода күтіп тұр. Тамыз айында Астана қаласында дәстүрлі «Қазақстан барысы» республикалық турнирі өтеді. Сонымен қатар, Баку қаласында қазақ күресінен XII Әлем чемпионаты, ал қыркүйек айында Қырғызстанда VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында қазақ күресінен жарыстар ұйымдастырылады.

Осы тұрғыдан алғанда, Петропавлдағы U23 Қазақстан чемпионаты жас балуандардың деңгейін саралайтын, өңірлердегі дайындық жүйесін көрсететін және ұлттық құрамаға үміткер спортшыларды айқындайтын маңызды жарыстардың бірі.

P.S. Қазақстан чемпионаты 23 шілде күні өз мәресіне жетеді.

Фото: Qazaq Kuresi Ассоциациясының баспасөз қызметі.

Tags: Qazaq Kuresiкүрес
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
“Омонияның” ең қымбат ойыншысы “Қайратқа” қарсы ойынға қатыспайды

“Омонияның” ең қымбат ойыншысы “Қайратқа” қарсы ойынға қатыспайды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

“Омонияның” ең қымбат ойыншысы “Қайратқа” қарсы ойынға қатыспайды

“Тобыл” Литвада жеңіске жете ала ма?

22/07/2026
“Омонияның” ең қымбат ойыншысы “Қайратқа” қарсы ойынға қатыспайды

“Омонияның” ең қымбат ойыншысы “Қайратқа” қарсы ойынға қатыспайды

22/07/2026
Петропавлда қазақ күресінен u23 Қазақстан чемпионатының шымылдығы түрілді

Петропавлда қазақ күресінен u23 Қазақстан чемпионатының шымылдығы түрілді

22/07/2026
«Барыс» ҚХЛ қарсаңында жаңа бапкерлер штабын таныстырды

«Астанаға» хорватиялық шабуылшы келді

21/07/2026

Ең көп оқылған

“Омонияның” ең қымбат ойыншысы “Қайратқа” қарсы ойынға қатыспайды

“Тобыл” Литвада жеңіске жете ала ма?

22/07/2026
“Омонияның” ең қымбат ойыншысы “Қайратқа” қарсы ойынға қатыспайды

“Омонияның” ең қымбат ойыншысы “Қайратқа” қарсы ойынға қатыспайды

22/07/2026
Петропавлда қазақ күресінен u23 Қазақстан чемпионатының шымылдығы түрілді

Петропавлда қазақ күресінен u23 Қазақстан чемпионатының шымылдығы түрілді

22/07/2026
«Барыс» ҚХЛ қарсаңында жаңа бапкерлер штабын таныстырды

«Астанаға» хорватиялық шабуылшы келді

21/07/2026

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

“Омонияның” ең қымбат ойыншысы “Қайратқа” қарсы ойынға қатыспайды

“Тобыл” Литвада жеңіске жете ала ма?

22/07/2026
“Омонияның” ең қымбат ойыншысы “Қайратқа” қарсы ойынға қатыспайды

“Омонияның” ең қымбат ойыншысы “Қайратқа” қарсы ойынға қатыспайды

22/07/2026

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In