22 жастағы Файзуллаев қазіргі таңда Түркияның «Истанбул Башакшехир» сапында өнер көрсетеді. Ол бұл клубқа 2025 жылдың жазында ЦСКА-дан 7,5 миллион еуроға ауысқан. Келісімшарты 2030 жылға дейін есептелген.
Файзуллаев ЦСКА сапында 72 матч өткізіп, сегіз гол соқты және 2025 жылы Ресей кубогын жеңіп алды.
Трансферге ерекше мән беретін жайт — «Страсбур» мен «Челсидің» BlueCo консорциумы арқылы байланысы. Екі клуб та бір құрылымға қарайды. Сондықтан өзбекстандық футболшының Францияға ауысуы оның Еуропадағы мансабында жаңа кезең ашуы мүмкін.
Файзуллаев 2026 жылғы әлем чемпионатында да тарихқа енді. Ол Колумбияға қарсы матчта гол соғып, Өзбекстан құрамасының әлем чемпионатының финалдық кезеңіндегі алғашқы голының авторы атанды.
Фото: Gazeta.uz














