• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Среда, 30 сентября, 2026
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET  - спортқа ұтыс тігулер
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Бокс

Назым Қызайбай жастарға орнын беруі керек

Тұрсынғали Еділов ұлттық құрама боксшыларын ауыстыру керегін айтты

30/09/2026
in Бокс, Олимпиада
0 0
0
Назым Қызайбай жастарға орнын беруі керек
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Тұрсынғали Еділов Қазақстан құрамасының Олимпиадаға дайындығы туралы пікір білдірді, деп жазады 1bol.kz.

Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстанның бокс құрамасы бірнеше жүлдеге қол жеткізіп үлгерді. Айбек Оралбай мен Төрехан Сабырхан финалға шықса, Махмұд Сабырхан қола жүлдегер атанды.

Осыған байланысты ардагер жаттықтырушы Тұрсынғали Еділовтен Қазақстан құрамасының Азиададағы өнері, боксшылардың дайындығы және Лос-Анджелес Олимпиадасына дейінгі жұмыс туралы пікірін сұраған едік.

Маманмен кеше сұхбаттасқан сәтімізде Төрехан Сабырханның да мүмкіндігіне тоқталған болатын. Бүгін қазақстандық боксшы Өзбекстан өкілі Шавкатжон Болтаевты жеңіп, Азия ойындарының финалына шықты.

Еділов Төреханның бабында екенін айтып, оның чемпион атануға толық мүмкіндігі бар екенін жеткізген.

«Төрехан қазір бабында. Оған қарсыласының іс-әрекеттері әсер етпейді деп ойлаймын. Бірақ алаң иесіне белгілі бір басымдық берілуі мүмкін. Сол себепті Төрехан бірінші раундтан белсенді қимылдап, шаршы алаңның қожайыны өзі екенін дәлелдеуі қажет. Ағасы Махмұд Сабырхан сияқты жеңісті жұлып алу керек. Ал Төреханның чемпион атануға қарым-қабілеті де, шамасы да толық жетеді», — деген еді Тұрсынғали Еділов.

Бүгін Төрехан Сабырхан жартылай финалда Шавкатжон Болтаевты жеңіп, финалға жолдама алды. Осылайша, маманның кеше айтқан пікірі бүгінгі нәтижеден кейін қайта өзекті болып отыр.

«Айбектің жеңіске жететініне 80 пайыз сенімдімін»

Тұрсынғали Еділов аса ауыр салмақтағы Айбек Оралбайдың да Азия ойындарындағы мүмкіндігіне жоғары баға берді. Қазақстандық боксшы финалда Өзбекстан өкілі Жахонгир Зокировпен кездеседі.

«Айбек қазір психологиялық тұрғыдан дайын. Ол бұған дейін әлем чемпионатында дәл осы өзбекстандық Жахонгир Зокировті жеңген. Сол себепті Айбектің жеңіске жететініне 80 пайыз сенімдімін», — деді маман.

«Назым жас буынға орын беруі керек»

Еділов Назым Қызайбайдың жаңа салмақ дәрежесіне ауысқаннан кейінгі жағдайына да тоқталды.

«Назым Қызайбай жаңа салмаққа ауысқаннан кейін жылдамдығын жоғалтып алды. Оның үстіне жасы да келіп қалды. Назымның салмағында қаншама жас боксшы бар. Сондықтан ол енді жас буынға орын беруі керек деп есептеймін.
Ал өзі алдағы Олимпиадада тек алтын медальді көздеп, сол мақсатпен ғана жұдырықтасуы қажет. Бізге қола да, күміс те керек емес. Егер ондай мақсат болмаса, басқа жас боксшыларға орнын бергені дұрыс», — деді ол.

«Боксшыларды жарыстан жарысқа сала беруге болмайды»

Ардагер бапкер қазіргі құрамның Лос-Анджелес Олимпиадасына дайындалуға қауқары жететінін айтты. Алайда спортшыларды шамадан тыс жарысқа қатыстырмай, жүйелі дайындыққа басымдық беру қажет деп санайды.

«Енді дәл қазіргі құраммен Лос-Анджелес Олимпиадасына біздің команда дайын деп есептеймін. Әсіресе Асылбек Оразқұлов пен Сабыржан Аққалықов сияқты боксшылар нағыз Олимпиадада ел намысын қорғайтын жігіттер. Алайда оларға тиянақты әрі жүйелі оқу-жаттығу жиындарын өткізген абзал. Сонымен қатар оқу-жаттығу жиындарын тым көп ұйымдастырып, спортшыларды зорықтырып алмаған жөн.

Боксшылар да адам. Оларды қайта-қайта әр жарысқа сала беруге болмайды. Өзге де екінші және үшінші құрамдағы боксшыларды сынап көрсін. Себебі олардың арасынан да жарып шығатын спортшылар болуы мүмкін», — деді Тұрсынғали Еділов.

Маман ұлттық құрамадағы тәжірибелі спортшылар мен жас боксшылардың арасындағы сабақтастыққа да тоқталды.

«Жігіттердің көзіндегі отты өшірмей, керісінше жаға білетін бапкерлер болса, біздің боксшылар Олимпиадада озып шығатыны анық. Себебі құрамада екі дүркін әлем чемпиондары да жүр. Бұл — тәжірибелі, толысқан команда. Сонымен қатар араларында жасы келген боксшылар да бар.

Егер Олимпиадада жақсы нәтиже көрсете алмаса, құраманы жаңартып, жастардан жасақтаған дұрыс», — деді Тұрсынғали Еділов.

Фото: Olympic.kz.

Tags: АзиадаБоксНазым ҚызайбайТұрсынғали Еділов
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Назым Қызайбай жастарға орнын беруі керек

Бокс федерациясы Махмұд пен Натальяның жекпе-жегіне наразылық білдірді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Назым Қызайбай жастарға орнын беруі керек

Абиба Әбужақынова Азиаданың 2 дүркін күміс жүлдегері атанды

30/09/2026
Назым Қызайбай жастарға орнын беруі керек

Бокс федерациясы Махмұд пен Натальяның жекпе-жегіне наразылық білдірді

30/09/2026
Назым Қызайбай жастарға орнын беруі керек

Назым Қызайбай жастарға орнын беруі керек

30/09/2026
Қазақстанның екі боксшысы Азиада «алтынына» таласады

Қазақстанның екі боксшысы Азиада «алтынына» таласады

30/09/2026

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

Назым Қызайбай жастарға орнын беруі керек

Абиба Әбужақынова Азиаданың 2 дүркін күміс жүлдегері атанды

30/09/2026
Назым Қызайбай жастарға орнын беруі керек

Бокс федерациясы Махмұд пен Натальяның жекпе-жегіне наразылық білдірді

30/09/2026

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In