Үш дүркін әлем чемпионы, 54 келіге көтерілген Назым Қызайбай ширек финалда Польша боксшысы Виктория Рогалинскамен тағы да кездесті, деп хабарлайды 1bol.kz.
Отандасымыз алғашқы раундтан-ақ басымдықты қолға алып, шеберлік жағынан әлдеқайда басым екендігін дәлелдей білді. Қорытынды есеп: 4:1.
Айта кетейік, Назым Қызайбай 2 ай бұрын Бразилияда өткен Әлем кубогының бірінші кезеңінде дәл осы Польша өкіліне жол берген болатын.
Фото: ҰОК.














