World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан әлем кубогында бүгін, 21 сәуірде ел құрамасынан Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (65 келі) 1/8 финалға шықты.
Беделді бәсеке Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында 20-26 сәуір аралығында өтіп жатыр.
Отандасымыз 1/16 финалда тунистік Хассен Атианы 5:0 есебімен жеңді. Енді ол алдағы жекпе-жекті 23 сәуірде франциялық Хуго Грауға қарсы өткізеді.
Айта кетсек, бұдан бұрын Назым Қызайбай (54 келі) Түркия өкілі Айсен Таскиннен 4:1 есебімен басым түсті.
Ел құрамасынан Бағлан Кенжебек (55 келі), Жансері Көшербаев (60 келі), Дәулет Төлемісов (90 келі) жарысты ерте аяқтауға мәжбүр болды.
Сондай-ақ әлем кубогында олардан басқа ерлер құрамасынан Даниял Сәбит (50 келі), Санжарәлі Бегалиев (75 келі), Сұлтан Айбарұлы (85 келі) шаршы алаңға шығады.
Ал әйелдер құрамасында Алуа Балқыбекова (55 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (65 келі), Наталья Богданова (70 келі), Жібек Жарасқызы (80 келі), Валерия Аксенова (80 келіден жоғары) бар.
Күндізгі сессия Қазақстан уақытымен 19:00 -де және кешкі сессия 01:00-де басталады.
Фото: Қазақстан ҰОК.













