2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Австрияға қарсы матчта 38 жастағы шабуылшы кездесудің 38-минутында мергендік танытып, әлем чемпионаттарындағы 17-голын соқты.
Осылайша Месси әлем біріншіліктері тарихындағы үздік сұрмергендер тізімінде жеке-дара көш бастады. Ол бұған дейін 16 голмен рекорд иесі атанған Германия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Клозе Мирослав көрсеткішінен асып түсті.
Айта кетейік, бұған дейін аргентиналық жұлдыз Алжир құрамасына қарсы кездесуде хет-трик жасап, Клозенің рекордын қайталаған болатын. Ал неміс футболшысы рекорд жаңарған жағдайда бұған қуанатынын айтып, Мессиді «футбол данышпаны» деп атаған еді.
Қазір Мессидің еншісінде әлем чемпионаттарында соғылған 17 гол бар. Бұл көрсеткіш бойынша ол бразилиялық Роналдодан (15 гол), германиялық Герд Мюллерден (14 гол) және франциялық Килиан Мбаппеден (14 гол) озып тұр.
2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнир 19 шілдеде аяқталады. Ал Аргентина құрамасы қазіргі әлем чемпионы саналады.
Фото: Getty Images.














