• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Суббота, 26 сентября, 2026
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET  - спортқа ұтыс тігулер
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Бокс

Мейірім Нұрсұлтановтың жекпе-жегіне болжам айтылды

Украиналық журналист Адамес - Нұрсұлтанов жекпе-жегі өтетініне күмәнмен қарады

25/09/2026
in Бокс
0 0
0
Қаза тапқан сарбаздар арасында Қазақстан чемпионатының жүлдегері болған
Facebook бөлісуTelegram бөлісу
WBC ұйымы орта салмақтағы әлем чемпионы, доминикандық Карлос Адамеске Қазақстан боксшысы Мейірім Нұрсұлтановпен жекпе-жек өткізіп, титулын қорғауды міндеттеді.

Бұған дейін Нұрсұлтанов уақытша чемпиондық белбеу үшін америкалық Хесус Рамоспен жұдырықтасуы керек болған. Алайда америкалық боксшының сырқатына байланысты кездесу өтпей қалды. Айта кетейік, Нұрсұлтанов 2023 жылдан бері жекпе-жек өткізбегенімен, WBC рейтингінде міндетті үміткер мәртебесін сақтап қалды.

Sports.kz порталы белгілі украиналық журналист, vRINGe.com сайты бас редакторының орынбасары Святослав Осиповпен сөйлесіп, Нұрсұлтанов пен Адамес арасындағы жекпе-жектің өту мүмкіндігі туралы пікірін білді.

«Бұған назар аударған жөн. Бірнеше жыл бойы үміткерлерді созбалаңға салып келген WBA мен WBC кенеттен бірқатар даулы мәселені шешіп жатыр. Адамес — Нұрсұлтанов, Мунгия — Меликүзиев, Лопес — Кэттеролл секілді жекпе-жектер белгіленді. Не болып жатқанын нақты білмеймін. Мұның Zuffa Boxing жобасымен және Али актісіне енгізілген өзгерістермен байланысты болуы мүмкін деп болжаймын. Бірақ сахна сыртында қандай да бір қозғалыстар жүріп жатқаны анық. Ұйымдар алдағы уақытта тәртіпке келіп, өз міндеттерін орындауға көбірек көңіл бөлетін сияқты. Мұны бұрын еленбей келген боксшылар үшін «мүмкіндіктер терезесі» деп атауға болады. Нұрсұлтанов та солардың қатарында», — деді Осипов.

Украиналық журналист боксшылардың қарсылас таңдауы мәселесіне де тоқталды.

«Жанкүйерлер UFC-ді спортшыларға дұрыс қарамайды, келісімшарттары тым қатаң деп жиі сынайды. Ал бокста чемпиондар ыңғайсыз қарсыластардан қашу үшін белбеулерінен бас тарта бастағанда, сол жанкүйерлер таңғалады. Өздеріңіздің не қалайтындарыңызды анықтап алыңыздар: нағыз спортшылар ма, әлде бизнесмендер ме? Боксшыға қарсыласын таңдауға мүмкіндік беріп, сонымен бірге оның ең мықты әрі қауіпті қарсыластармен шығуын талап ету мүмкін емес», — деді ол.

Осиповтың пікірінше, Адамес Нұрсұлтановпен жекпе-жекке шықпай, чемпиондық белбеуінен бас тартуы мүмкін.

«Мен Адамес — Нұрсұлтанов жекпе-жегі өтетініне сенбеймін. Карлос белбеуден бас тартады деп ойлаймын. Оның үстіне, ол суперорта салмаққа ауысатынын жариялап, Жәнібек Әлімханұлы туралы тағы айтты. Меніңше, Мейірім мен Хесус Рамос бәрібір екінші рет кездесіп, кімнің мықты екенін анықтайды. Бұл жолы жекпе-жек толыққанды әлем чемпиондығы үшін өтуі мүмкін. Мен әлі де Рамосты фаворит санаймын. Ол мен Вёрджил Ортис — әлем чемпионы атанбаған, бірақ бокста өз деңгейін дәлелдеген ең мықты екі боксшы деп есептеймін», — деді журналист.

Сонымен қатар Осипов Нұрсұлтановтың Рамоспен ықтимал жекпе-жегі тартысты өтуі мүмкін екенін атап өтті.

«Нұрсұлтанов өзін жақсы қырынан көрсетеді деп үміттенемін. Стиль тұрғысынан Мейірім мен Хесус жылдың ең тартысты жекпе-жектерінің бірін өткізе алады деп шын сенемін. Егер Нұрсұлтанов күтпеген нәтиже көрсетсе де, таңғалмаймын. Жекпе-жек аптасында Рамос пен DAZN Boxing командасының Нұрсұлтановқа ерекше назар аударғанын байқадым. Меніңше, Мейірімнің мүмкіндігі де осында», — деді Святослав Осипов.

Фото: әлеуметтік желіден.

Tags: БоксКарлос Адамескәсіпқой боксМейірім Нұрсұлтанов
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
Қаза тапқан сарбаздар арасында Қазақстан чемпионатының жүлдегері болған

Назым Қызайбай жеңіліп қалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

«Ордабасы» иесі 25 млн теңгеден көмек береді

«Ордабасы» иесі 25 млн теңгеден көмек береді

25/09/2026
Сәтпаевтың командаласы «Бернлидегі» дағдарыс туралы айтты

Қазақстан құрамасы Фарер аралдарына келді

25/09/2026
Сәтпаевтың командаласы «Бернлидегі» дағдарыс туралы айтты

Сәтпаевтың командаласы «Бернлидегі» дағдарыс туралы айтты

25/09/2026
Қаза тапқан сарбаздар арасында Қазақстан чемпионатының жүлдегері болған

Оразбек Асылқұлов та жеңіліп қалды

25/09/2026

Ең көп оқылған

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

«Ордабасы» иесі 25 млн теңгеден көмек береді

«Ордабасы» иесі 25 млн теңгеден көмек береді

25/09/2026
Сәтпаевтың командаласы «Бернлидегі» дағдарыс туралы айтты

Қазақстан құрамасы Фарер аралдарына келді

25/09/2026

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In