«Академия Оңтүстік» клубының шабуылшысы Әлихан Әли мансабын Ресейде жалғастыруы мүмкін. 18 жастағы қазақстандық футболшыға бірнеше ресейлік клуб қызығушылық білдіріп отыр, деп хабарлайды penalty.kz.
Ақпаратқа сәйкес, 18 жастағы Әлихан Әлиге мәскеулік «Спартактың» жастар командасына қосылу туралы ұсыныс жасалған.
Қазақстандық футболшының қазіргі клубымен келісімшарты осы жылдың соңында аяқталады. Сондықтан алдағы айларда оның болашағына қатысты нақты шешім қабылдануы мүмкін.
Жалпы, Әлихан Әлиге тек «Спартак» қана емес, Ресейдің басқа да клубтары қызығушылық танытып отырғаны айтылды.
Бірінші лигада тоғыз гол соқты
Биылғы Бірінші лига маусымында Әлихан Әли 15 матчқа қатысты.
Осы кездесулерде ол тоғыз гол соғып, турнирдің үздік сұрмергендері тізімінде екінші орынға көтерілді.
Фото: Sports.kz.














