«Ақтөбе» футболшылары қалаға оралғаннан кейін «Нефтяник» стадионында жаттығу өткізуге мәжбүр, деп жазады penalty.kz.
Инсайдердің мәліметінше, «Ақтөбе» футболшылары қалаға оралғаннан кейін «Нефтяник» стадионында жаттығу өткізуге мәжбүр. Алайда, Чемпиондар лигасының жеңімпазы, португалиялық шабуылшы алаңның жағдайына көңілі толмайтынын ашық білдірген.
«Португалиялық жұлдыз «Нефтяник» стадионындағы жаттығу алаңының сапасына наразы. Бұған дейін де клубтың басқа легионерлері алаңның нашарлығы туралы шағымданған болатын», – деп жазады журналист.
Айта кетейік, 39 жастағы Луиш Нани «Ақтөбеге» биыл қаңтар айында қосылды. Ағылшын Премьер-лигасының төрт дүркін чемпионы және Португалия ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы ақтөбелік команда сапында жеті матч өткізіп, бір нәтижелі паспен көзге түсті. Легионердің қазақстандық клубпен арадағы келісімшарты бір жылға есептелген.
Фото: Vesti.kz.














