• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Суббота, 26 сентября, 2026
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET  - спортқа ұтыс тігулер
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Енді не істейміз?

Легионерлерді бюджет есебінен қаржыландыруды тоқтатқалы 8 млрд теңге үнемделді

Сессия барысында спорт ұйымдарын басқару жүйесіндегі өзгерістер де атап өтілді

13/08/2026
in Енді не істейміз?
0 0
0
ПСЖ УЕФА Суперкубогын қатарынан екінші рет жеңіп алды
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

Астанада спорт саласындағы реформалардың алғашқы нәтижесі қорытындыланды. 8 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделіп, балалар спортына бөлінетін қаржы екі есеге жуық артқан. Сонымен қатар спорт мектептеріндегі жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысы 30%-ға өсті. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлім етті, деп жазады kaz.inform.kz.

 

Астанада Спорт күні қарсаңында «Қазақстандағы спорт — реформалардан нәтижеге дейін. Дене шынықтыру және спорт туралы жаңа заңды іске асыру қорытындылары» атты спорт конференциясы өтіп жатыр. Пленарлық сессияларда саладағы ауқымды реформалардың алғашқы нәтижелері талқыланды.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Туризм және спорт министрлігі әзірлеген жаңа заң саланы жүйелі жаңғыртудың негізгі тетігіне айналды. Реформа аясында мемлекет қаржыландырудың неғұрлым ашық моделіне көшіп, қаражаттың тиімсіз жұмсалуын азайтты, сондай-ақ спорт резерві мен басым бағыттарды қолдауды күшейтті.

Қазірдің өзінде реформалардың нақты нәтижелері бар:

  • 8 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді. Бұған кәсіби клубтарды қаржыландыруға лимит енгізу және легионерлерді бюджет есебінен қаржыландырудан бас тарту ықпал етті;
  • балалар спортына бөлінетін қаржы екі есеге жуық артты. Спорт мектептеріндегі бір тәрбиеленушіге арналған жылдық қаржыландыру 233 мың теңгеден 415 мың теңгеге дейін ұлғайтылды;
  • жаттықтырушылардың жалақысы 30%-ға өсті. Спорт мектептерінің жаттықтырушы-оқытушыларының еңбекақысын кезең-кезеңімен арттыру басталды. Қазіргі таңда 3 511 жаттықтырушы-оқытушы тиісті тестілеуге қатысқан.

— Бүгінде біз спортшылар мен спорт саласының өкілдері ретінде реформалардың жай ғана құжат емес екенін іс жүзінде көріп отырмыз. Министрліктің атқарған жұмысы — біздің салаға ұзақ уақыт бойы жетіспей келген өзгерістер. Бұл өзгерістер қазірдің өзінде нәтиже беріп жатыр. Оның нақты көрінісі — спортшыларымыздың жеңістері, — деді «Спортшылар кеңесі» атқару комитетінің төрағасы, күрестен Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко.

Сессия барысында спорт ұйымдарын басқару жүйесіндегі өзгерістер де атап өтілді. 2025 жылғы қыркүйектен бастап басшыларды ротациялаудың бірыңғай тәртібі енгізілді. Ал спорт ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындау ашық конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Ведомствоның мәліметінше, бүгінгі таңда 112 тағайындаудың 86-сы немесе 76%-ы конкурс нәтижесінде жүзеге асырылған. Қазақстан спорт саласындағы реформалардың нақты нәтижесін көре бастады. Бюджет қаражатын пайдалану тиімділігі артып, спортшылар мен жаттықтырушыларды қолдау күшейтілмек. Сонымен қатар спорт резервін даярлау жүйесі жетілдіріліп, саланы басқару тиімділігі артып, спортқа жеке инвестиция тартуға қолайлы жағдай қалыптасып келеді.

 

Фото: ЖИ.

 

 

Tags: легионерлерТуризм жəне спорт министрлігіфутбол клубтарын жекешелендіру
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Next Post
ПСЖ УЕФА Суперкубогын қатарынан екінші рет жеңіп алды

Қазақстан көшпенділер ойындарына 155 спортшы апарады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

«Ордабасы» иесі 25 млн теңгеден көмек береді

«Ордабасы» иесі 25 млн теңгеден көмек береді

25/09/2026
Сәтпаевтың командаласы «Бернлидегі» дағдарыс туралы айтты

Қазақстан құрамасы Фарер аралдарына келді

25/09/2026
Сәтпаевтың командаласы «Бернлидегі» дағдарыс туралы айтты

Сәтпаевтың командаласы «Бернлидегі» дағдарыс туралы айтты

25/09/2026
Қаза тапқан сарбаздар арасында Қазақстан чемпионатының жүлдегері болған

Оразбек Асылқұлов та жеңіліп қалды

25/09/2026

Ең көп оқылған

«Ордабасы» иесі 25 млн теңгеден көмек береді

«Ордабасы» иесі 25 млн теңгеден көмек береді

25/09/2026
Сәтпаевтың командаласы «Бернлидегі» дағдарыс туралы айтты

Қазақстан құрамасы Фарер аралдарына келді

25/09/2026
Сәтпаевтың командаласы «Бернлидегі» дағдарыс туралы айтты

Сәтпаевтың командаласы «Бернлидегі» дағдарыс туралы айтты

25/09/2026
Қаза тапқан сарбаздар арасында Қазақстан чемпионатының жүлдегері болған

Оразбек Асылқұлов та жеңіліп қалды

25/09/2026

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

«Ордабасы» иесі 25 млн теңгеден көмек береді

«Ордабасы» иесі 25 млн теңгеден көмек береді

25/09/2026
Сәтпаевтың командаласы «Бернлидегі» дағдарыс туралы айтты

Қазақстан құрамасы Фарер аралдарына келді

25/09/2026

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In