«Макгрегор қайта оралды. Мен спорт залында жаттығуымды бастадым. Аяқпен ауыр жаттығулар жасап, күш-қуатымды арттырып жатырмын. Тізем дайын. Күшім қалпына келді. Денем болса 100%-ға толық жұмыс істеп тұр. Лагерьге дайындалып жатырмын. The Notorious қайта оралды»
Еске салайық, биыл тамыз айында Конор Макгрегор аралас жекпе-жекке қайта оралып, Макс Холлоуэймен төбелескен болатын. Алайда, небәрі бір минуттан кейін ол тізесінен жарақат алып, жекпе-жекті жалғастыра алмады. Нәтижесінде төреші техникалық нокаут тіркеді.
Фото: Getty Images.














