• Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
Понедельник, 29 июня, 2026
DalaSport
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
1XBET  - спортқа ұтыс тігулер
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис
No Result
View All Result
DalaSport
No Result
View All Result
Home Футбол

Келесі әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы шығады!

Болашағына үмітпен қарайтын ондаған жас футболшыларымыз пайда болды

29/06/2026
in Футбол
0 0
0
Келесі әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы шығады!
Facebook бөлісуTelegram бөлісу

АҚШ -та өтіп жатқан футболдан Әлем біріншілігінде топтық кезең бітіп, 1/16 финалға өткен командалар белгілі болды.

Жарыста орын алған тосын жағдайлар көп болды. Бірақ бастысы, ол Азия құрлығының командаларының басқа материктерге қарағанда әлсіз, төмен деңгейдегісі екендігі!

Олай дейтініміз, Катар, Иордания, Өзбекстан, Сауд Аравия және Оңтүстік Корея өте нашар өнер көрсетті!

Әсіресе, өзіміздің көршіміз, бәріміз тілеуін тілеген Өзбекстан құрамасының барлық үш ойында да ұтылып, өз қақпасына 11 доп жіберіп, тек 2 доп соққаны ауыр тиді!

Мен неге бұл туралы жазба жазып, осы мәселеге көңілдеріңізді аударып отырмын? Оған себеп, Өзбекстан құрамасы ӘЧ финалдық кезеңіне жолдама ұтып алғанда қуанышымызда шек болмады!

Тіпті арамызда, біздің құраманы кезінде бекер УЕФА-ға кірдік, АЗИЯ-ға қайтадан кірейік деген пікірлер жазыла бастады!

Алайда, АҚШ, Канада, Мексикада өтіп жатқан ӘЧ командалардың кәсіби деңгейін нақты көрсетті, кімнің мықты екенін және бұл жерде футболдың қаржыға қарамай дами алатынын нақты дәлелдеді десе де болады.

Иордания, Сауд Аравия, Катар, Оңтүстік Корея, тіпті Өзбекстанда футболға қаржы аз бөлінеді дегенге сену қиын! Бірақ командаларының деңгейі басқа құрлықтардың командаларына қарағанда деңгейі айтарлықтай төмен!

Өйткені, футбол дамымаған! Яғни Европа, Америка, Африка, тіпті Австралия мен Жаңа Зеландиядағыдай емес! Қазақстан футбол федерациясы бұл жерде дұрыс бағытта! Өйткені, УЕФА — да ең мықты командалар, футболшылар шоғырланған! Өзбекстан төрт жылда бір өтетін ӘЧ қатарынан 4-5 рет жолдама ұтып алса да, Қазақстан құрамасы секілді футболын дамыта алмайды.

Оның қарсыластары біздің команданыкіндей тәжірибелі мықты болмайды! Биылдың өзінде Қайрат, өзіміздің құрама мықты командалармен кездесіп, мол тәжірибе жинап, жоғары деңгейдегі, болашағына үмітпен қарайтын ондаған жас футболшыларымыз пайда болды!

Мысалға Дастан Сатпаев, Жасұлан Әмір, Арсен Әшірбек, Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов, Чесноков, Бекболат Исмаил, Азамат Тұяқбаев, , т.б! Енді жыл сайын осындай жас, талантты футболшылар шыға береді!

Бастысы, оларға әлемнің ең мықты Челси, Барселона секілді клубтары көңіл аударып, тіпті сатып алып жатыр!

Енді бір 4-5 жылда, Қазақстан құрамасы ӘЧ финалдық кезеңіне қатысып, Өзбекстан тұрмақ, Иран, Жапониядан жоғары тұрады деп сенемін!

Менің ойымша, енді командаға талантты бапкерлер керек секілді! Сондықтан жас футболшыларымызға көп сын айта бермейік, қайта қолдайық! Жалпы еліміздегі командалардың деңгейі де өсіп жатыр. Барлық дерлік кездесулер тартысты өтуде, тек төрешілердің Ордабасыға бүйрегі бұрып тұрғаны қынжылтады!

Сондықтан, біздің футболдың жауы, ол тек жемқорлық дер едім!

Пікір иесі: Сұлтан Иқанұлы.

Фото: instagram/kff_jastar.

Tags: ӘЧ-2026қазақ футболыҚазақстан жастар құрамасыӨзбекстан ұлттық құрамасы
Aibar Dalasport

Aibar Dalasport

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басқа

  • Trending
  • Comments
  • Latest
Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

Шомуродов Чемпиондар лигасында атой салайын деп тұр

05/05/2025
Самат Смақов Қазақстан тарихындағы үздік ойыншыларды атады

Финалда өзбек боксшыларымен жұдырықтасқан бес жігіттің үшеуі жеңді

11/08/2025
«Жетісуға» техникалық жеңіліс берілді

«Барыстың» жаңа маусымдағы абонементтер бағасы шошытты

11/08/2025
Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

Сарапшылар «Қайратқа» мүлде сенбейді

18/09/2025
Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Әмин Тұяқов: Жыланбаев деген марафоншы жоқ

Зарина Дияс тірілді ме?

Зарина Дияс тірілді ме?

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

«Ертіске» жаңа бапкер тағайындалды

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Қазақтың екі атақты спортшысына қиянат жасалды, екеуі де асылып өлді

Келесі әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы шығады!

Келесі әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы шығады!

29/06/2026
Допинг дауы жиіледі

Допинг дауы жиіледі

29/06/2026
Кабо-Верде сенсация жасап, плей-оффқа шықты

Аргентиналық футболшының отбасы жер сілкінісінен қаза тапты

29/06/2026
Кабо-Верде сенсация жасап, плей-оффқа шықты

Ресми: Ислам Чесноков «Тобылға» қайта оралды

29/06/2026

Ең көп оқылған

Келесі әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы шығады!

Келесі әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы шығады!

29/06/2026
Допинг дауы жиіледі

Допинг дауы жиіледі

29/06/2026
Кабо-Верде сенсация жасап, плей-оффқа шықты

Аргентиналық футболшының отбасы жер сілкінісінен қаза тапты

29/06/2026
Кабо-Верде сенсация жасап, плей-оффқа шықты

Ресми: Ислам Чесноков «Тобылға» қайта оралды

29/06/2026

Біз туралы

Атауы – “Dalasport.kz” ақпарат агенттігі

Бас редактор – Думан Бықай

Меншік иесі – “InterMediaTrade” ЖШС

Dalasport.kz
ақпарат агенттігіне 2014 жылғы 6 маусым ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ94VPY00098053-ИА куәлігі берілген.

Категория

  • Бокс
  • Велоспорт
  • Ей, бұларың не?
  • Енді не істейміз?
  • Еуропа лигасы
  • Жекпе-жек
  • Ойбай, 18+
  • Олимпиада
  • Теннис
  • Тұлға мен тарих
  • Ұзынқұлақ
  • Ұлттық спорт
  • Футбол
  • Чемпиондар Лигасы

Соңғы Жаңалықтар

Келесі әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы шығады!

Келесі әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы шығады!

29/06/2026
Допинг дауы жиіледі

Допинг дауы жиіледі

29/06/2026

© 2024 Digital idea

No Result
View All Result
  • Футбол
  • Бокс
  • Еуропа лигасы
  • Чемпиондар Лигасы
  • Теннис

© 2024 Digital idea

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In