Өзбекстан құрамасының қорғаушысы ағылшын клубымен 2031 жылға дейін есептелген жаңа келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды penalty.kz.
Жылына 7,5 миллион еуро
Бейресми мәліметтерге сәйкес, жаңа келісімнен кейін Хусановтың жылдық жалақысы шамамен 7,5 миллион еуроны құрайды. Бұл айына 625 мың еуро. Егер келісімшарт толық орындалса, бес жыл ішінде футболшының жалақысы 37,5 миллион еуроға жетуі мүмкін. Бұл сомаға матчтар, командалық жетістіктер немесе жеке марапаттар үшін берілетін бонустар кірмейді.
“Манчестер Ситидегі” көрсеткіші
Абдукодир Хусанов “Манчестер Ситиге” 2025 жылы ауысқан болатын. Осы уақыт ішінде өзбекстандық қорғаушы ағылшын клубы сапында 47 матч өткізіп, негізгі құрамдағы орнын бекітті.
Фото: «Манчестер Сити» ФК.













