Эдинбургтік «Хартс» қазақстандық вингер Ислам Чесноковты сату немесе жалға беру нұсқаларын қарастыруға дайын, деп хабарлайды ASnews.kz.
Сонымен қатар, шотландиялық клуб футболшыға алдағы маусымалды оқу-жаттығу жиынында өзін көрсетуге мүмкіндік беруі де әбден мүмкін.
Қазірдің өзінде Қазақстанда ұлттық құрама ойыншысы үшін бас жүлдеден үмітті басты ұжымдар арасында үлкен талас басталды: «Ордабасы» Чесноковтың трансферін шотландықтардан толықтай сатып алуға қауқарлы. Қостанайлық «Тобыл» болса, өзінің бұрынғы көшбасшысын жазғы еурокубок бәсекелеріне көмектесуі үшін жалдау шартымен қайтаруды жоспарлап отыр.
Казақстандық футболшы «Хартс» сапына осы жылдың қаңтарында қосылып, 11 матчта бір гол соқты.
Фотода: Ислам Чесноков.













