Клубтың мәліметінше, бразилиялық маманмен үш жылдық келісімшарт жасалған.
Густаво Парадеда – «Қайрат» тарихындағы ерекше тұлғалардың бірі. Ол 2004-2009 жылдары алматылық клуб сапында өнер көрсетіп, командамен бірге футзалдан УЕФА кубогының қола жүлдесін иеленді. Бұл – клубтың Еуропадағы алғашқы ірі жетістіктерінің бірі саналады.
Соңғы жылдары Парадеда «Қайрат» жүйесінде спорт директоры қызметін атқарып, негізгі команда мен академияның дамуына үлес қосты. Өткен маусымда плей-офф кезеңі алдында тізгінді қолға алып, команданы Қазақстан чемпионы атандырған еді.
Осылайша, «Қайрат» клубы жаңа маусымда тізгінді өз жүйесін жақсы білетін әрі клуб тарихында ізі қалған маманға сеніп тапсырды.
Фото: ФК «Қайрат».














